
Алматының атмосфералық ауасын жақсарту мəселесін шешу үшін Алматы ЖЭЦ-2-ні газға көшіру немесе сүзгі орнату ойластырылуда. Бұл туралы Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.
"Əлеуметтік желілерде Алматының ауасының ластығы жөнінде қызу талқылау жүруде. Президенттің тапсырмасы бойынша, Алматы қаласының ауасын жақсарту шарасының бірі ретінде, ТЭН əзірлемесі басталғанын хабарлағым келеді. Оның шеңберінде, екі нұсқа қарастырылуда: газбен жабдықтауға көшіру немесе ЖЭЦ-2-ге сүзгі орнату", - деп жазды М. Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Министрдің айтуынша, жоба ТЭН-і сəуірде аяқталады.
"ТЭН аяқталғаннан кейін, жобаның құны, техникалық сипаттамасы, шығарындының азаюы, барлығы туралы жұртшылыққа жеткізіледі", - деп атап өтті министр.