
"Охотзоопром" РМК Батыс аймақтық филиалының инспекторлары Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шара жүргізу барысында Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының аумағында 50-ге жуық атылған киіктерді анықтады.
Оқиға орнына Жаңақала аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақыртылды.
“Батыс Қазақстанда жануарларға қарсы қылмыстық əрекет орын алды. Бүгін "Охотзоопром" инспекторлары рейд кезінде 50 бас атылған киікті анықтады. Полиция қазіргі уақытта осындай қылмысқа барған адамдарды іздестіруде. Қылмыс жасағандар табылып, жазасын алады деп сенемін”,- деп атап өтті өзінің Twitter-дегі парақшасында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.
Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.