
2022 жылғы 27 маусымда Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешев РФ табиғи ресурстар және экология министрі А. Козловпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырын қайта жаңарту және кеңейту» жобасын іске асыру мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, Тараптар трансшекаралық су объектілерін пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен Қазақстан-Ресей комиссиясының кезекті отырысында Ертіс өзені бассейні бойынша бірыңғай Жол картасын талқылау және іске асыру бойынша сарапшылардың кездесулерін өткізу кестесін бекіту қажеттілігі туралы пікір алмасты.
Бұдан бөлек, тараптар алдағы 2022 жылы өтетін Жолбарыс форумы шеңберінде амур жолбарысын қайта түлету саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою уағдаластығына қол жеткізді.
Сонымен қатар, қазақстандық тарап Жолбарыс форумы аясында жоғарыда аталған Меморандумды іске асыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қоюды ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сондай-ақ биоәртүрлілікті сақтау саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.