
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 ақпандағы кеңейтілген отырысының қорытындылары бойынша Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жаңа Су кодексін әзірлеуді жүргізуде.
Кәсіпкерлік кодекстің 82-бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген Реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларының 8-тармағына сәйкес Министрлік су қорын қорғау және пайдалану саласында қадағалауды енгізу бойынша реттеушілік әсерге талдаудың талдамалық нысанын әзірледі.
Қағидалардың 20-тармағына сәйкес Талдамалық нысан 2022 жылғы
11 шілдеде қоғамдық талқылаулар өткізу үшін ашық НҚА порталында орналастырылатынын хабарлаймыз.