2018 жылға арналған Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасыныӊ табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама және 2017 жылға арналған Интерактивті баяндама жарияланды

2018 жылға арналған Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасыныӊ табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама және 2017 жылға арналған Интерактивті баяндама жарияланды

2018 жылға арналған Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама (Ұлттық баяндама) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында  және біріңғай экологиялық интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланды.

Ұлттық баяндама  Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК-мен бірлесіп дайындалды.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 166-1-бабына сәйкес Ұлттық баяндама жыл сайын халықты Қазақстан Республикасы аумағындағы нақты экологиялық жағдайлар мен оны жақсарту бойынша қолданылған шаралар туралы ақпараттандыру мақсатында құрылды.

Ұлттық баяндамада 2018 жылғы негізгі қоғамдық маңызы бар экологиялық проблемаларды қоса алғанда, қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың сандық және сапалық сипаттамалары, қоршаған ортаға тигізетін антропогендік әсерлері, өңірлердегі экологиялық хал-ахуал туралы, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша мәліметтер көрініс табады.

Ұлттық баяндамада келтірілген мәліметтер мен ақпараттар Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдары ұсынған мәліметтерге және мемлекеттік статистикаға негізделген.

Ұлттық баяндаманың қағаз нұсқасымен Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорында танысуға болады.

Сонымен қатар, «Зой» Экологиялық желісімен бірлесіп, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының (ЮНЕП) қолдауымен бірыңғай экологиялық интернет-ресурсында 2017 жылға арналған Ұлттық баяндаманың ресми нұсқасы негізінде мемлекеттік және орыс тілдерінде Интерактивті баяндама жарияланды.

Интерактивті баяндама халықаралық тәжірибеге сәйкес жасалған, деректерді бейімдеу және визуализациялауды жеңілдететін ақпараттандырылған суреттер мен карталарды қолданатын құрылымы бар және көпшілікке түсінікті етіп орындалды.