Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Берлин қаласына (Германия) ресми сапары аясында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев Германия Мемлекеттік хатшысы Йохен Фласбатпен кездесті

Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Берлин қаласына (Германия) ресми сапары аясында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев Германия Мемлекеттік хатшысы Йохен Фласбатпен кездесті

Кездесу барысында климаттың өзгеруі мәселелері талқыланып, қазіргі уақытта Министрліктің негізгі міндеттерінің бірі Қазақстанның төмен көміртекті дамуға және «жасыл экономикаға» көшуін қамтамасыз ету болып табылатынын М. Мырзағалиев атап өтті. Оны жүзеге асыру барысында  Қазақстанның 2050 жылға дейінгі төмен көміртекті даму стратегиясы әзірленіп жатқаннын хабардар етті.

М. Мырзағалиев Қазақстан Республикасының аумағында Герман тарапымен бірлескен геологиялық барлау жобасының жүзеге асырылуындағы оң тәжірибесін атап өтіп, Герман компанияларын елдің геологиялық барлау секторына инвестиция салуға шақырды.

Сондай-ақ, М. Мырзағалиев Германияның ұлттық табиғи парктерді басқарудағы озық тәжірибесімен алмасуға қызығушылық білдіріп, Қазақстан аумағында биоәртүрлілігі кеңінен ұсынылған бірқатар ұлттық табиғи парктардың бар екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Қоршаған орта, табиғатты қорғау және ядролық қауіпсіздік Федералдық министрлігі арасындағы Жасыл экономика саласындағы ынтымақтастық және ұзақ мерзімді төмен көміртекті экономикалық стратегияны әзірлеу жөніндегі ниеттер туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.