
БҰҰ-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Н. Германның 2022 жылғы 22 сәуірдегі ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Б.Т. Кесебаеваның, Парламент Мәжілісінің депутаттары А.Скакова, К.Ержан, Н.Дементьева, А.Ахметов, Г.Хамзин қатысуларымен «Қазақстан мен Орталық Азияның су ресурстарын тиімді пайдаланудың проблемалары мен перспективалары: ынтымақтастықтың халықаралық-құқықтық шеңберін дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі А.Шалабекованың «Қазақстанның трансшекаралық өзендерінің су ресурстарын пайдалану және қорғау тәжірибесі: тарих, қорытындылар және перспективалар» туралы, БҰҰ Бас хатшысының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Наталья Герман су қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі БҰҰ алдын алу дипломатиясының өңірлік орталығының рөлі туралы, Орталық Азияда, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы дирекциясы директорының орынбасары Марат Нарбаевтың Арал теңізі бассейніндегі өңірлік ынтымақтастық туралы баяндамалары тыңдалды.
Талқылау шеңберінде дөңгелек үстелге қатысушылар климаттың өзгеруі және өзен ағындарының қысқаруы аясында өңірдегі су қорының қысқаруына және сумен қамтамасыз етілуіне алаңдаушылық білдірді. Сондай-ақ су ресурстарын пайдалану бойынша Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша, оның ішінде БҰҰ алдын алу дипломатиясының өңірлік орталығының әлеуетін тарту арқылы күш-жігерді Орталық Азиядағы су, энергетика, экология және климаттық салаларда жандандыру қажеттілігі туралы пікірмен келісті.
Кездесу қорытындысы бойынша қорытынды қарар қабылданды.