Ү.ж. 20 қарашасында Мәскеу қаласында Геология комитетінің төрағасы А. Надырбаев, Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі Үкіметаралық Кеңестің Төрағасы, ТМД Экономикалық Кеңесі жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысына қатысып, 2018-2019 жылдардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен жұмыстардың перспективалық жоспарын іске асыру барысы туралы баяндама жасады.
2018-2019 жылдары перспективалық жоспар шеңберінде 31 іс-шара іске асырылуда. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:
1) Шағын-орташа масштабты және шолу геологиялық картографиялау
2) Металлогениялық зерттеулер және кенденудің жергілікті болжамы
3) Қауіпті геологиялық процестер мен құбылыстарды болжау, геологиялық орта мониторингі
4) Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізудің әдістемесі мен технологиясы
5) Терең геологиялық-геофизикалық зерттеулер
6) Жас геологтардың ашық далалық олимпиадаларын өткізу.
Ұсынылған есеп ТМД Экономикалық Кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның шешімімен мақұлданды.