2 миллиард ағаш отырғызу жұмысының барысы туралы брифинг

2 миллиард ағаш отырғызу жұмысының барысы туралы брифинг

«Ағымдағы жылдың ағаш отырғызу жоспары толығымен орындалды», - деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі А.Шалабекова.

Брифинг жұмысына журналистер мен сала мамандары қатысты.

Брифингте сөз алған вице-министр Ә.Шалабекова Мемлекет басшысының тапсырмасына және «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасына сәйкес қазір барлық облыстарда орман алқабын ұлғайту жұмыстар легі басталып кеткендігін атап өтті.

2025 жылға дейін 1 млрд. 539 млн ағашты жергілікті атқарушы биліктің көмегімен отырғызу жоспарлануда. Ал, Экология министрлігі ұлттық парктер мен табиғи резерваттар  аумағында 251 млн ағаш отырғызуға ниетті. Бұдан бөлек табиғат пайдаланушылардың күшімен 210 млн түп ағаш егу жоспарда бар.

Вице-министр Ә.Шалабекова жоба аясында ағаш егу ісінде негізгі басымдық Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарының деградацияға ұшыраған шөлейті жерлеріне берілетінін атап өтті.

Осы жылы ағаш отырғызу жұмыстарына 12 миллиард теңге қаржы бөлінген. Бұл қаржыға 422 техника мен қажетті құрал-саймандар сатып алынған.

«Ағымдағы жылдың жоспары толық орындалды, шамамен 62 мың га жерге 130 млн түп ағаш отырғызылды», - деп атап өтті А.Шалабекова.

Әр өңірде тал егу жұмыстары орман алқабын ұлғайтудың барлық ережелеріне және ғылыми негіздерге сүйеніп жасалатынын нақтылап айтты вице-министр Ә.Шалабекова.

Брифинг соңында вице-министр журналистердің сұрағына жауап берді.

#proofficeecologia #proofficetabigat #proofficegeologia