Экология министрі «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады

Экология министрі «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады

2021 жылғы 10 қарашада ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауында министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша онлайн режимде азаматтарды қабылдады.

«Nur Otan партиясының азаматтарды онлайн қоғамдық қабылдауында ел азаматтарын қабылдадым. Қосшы қ, ШҚО қатысты және бақылаусыз жануарларға байланысты бірқатар мәселелер айтылды. Қабылдауға белсенді қатысқан Е.Березинская, И.Радченколарға өз алғысымды білдіремін», - деп хабарлайды министр өзінің твиттер парақшасында.

Өтініш берушілер барлық сұрақтарға ведомство басшысынан толық жауап алды.

Министр сондай-ақ кездесуге қатысушылардың жоғары азаматтық ұстанымын атап өтіп, қоғаммен бірлескен күш-жігердің арқасында барлық қиындықтарды еңсеріп, көптеген түйіткілді мәселелерді шешуге болатынына сенім білдірді.