Экология министрлігінде балық шаруашылығы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Экология министрлігінде балық шаруашылығы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

2021 жылдың 9 шілде күні ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде шілде айының екінші жексенбісінде атап өтілетін Балық шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ұжымды, ардагерлер мен балық шаруашылығы саласындағы қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

Құттықтау сөзінде Қазақстан бойынша балық шаруашылығы саласында қызмет атқаратын 12 мыңнан аса азаматтарды қажырлы еңбегі мен өз қызметіне адалдығы үшін алғыс білдірді.

Министр балық шаруашылығы саласы Мемлекет басшысының басты назарында екенін атап өтті. Бірқатар стратегиялық тапсырмалар қойылды. Бұл ретте, тауарлық балық өсіруге ерекше көңіл бөлінуде, себебі, бүкіл әлемдік тәжірибеге сәйкес елімізде балық аулаудан балық өсіруге кезең-кезеңмен өту қалыптасуда.

Бұдан бөлек, балық өсірумен айналысатын кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау жасау шаралары қарастырылуда.

Спикердің айтуынша, Қазақстан аумағында балық өсіру үшін су және табиғи ресурстардың жеткілікті болуы, табиғи ресурстарға кәсіпшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Елімізде балықтың 100-ден аса түрлері бар, оларды болашақ ұрпағымызға сақтап көбейту қажет.

Министр, сонымен бірге балық ресурстарын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың қызметін ерекше бағалады. Олардың су айдындарымыздағы балықтарды сақтау бойынша күнделікті жұмысы, өз өмірінің үлкен тәуекелділігімен байланысты. Браконъерлерді ұстау жұмыстары қауіпті жағдайлармен байланысты болады. Жоғары жылдамдықты құрылғылармен қамтамасыз етілуіне байланысты, оларды кей кезде ұстау мүмкіншілігі болмай қалады.

Осыған байланысты, балық шаруашылығы инспекцияларын жаңа үлгідегі құрылғылар мен байланыс құралдармен қамтамасыз ету жұмыстары көзделуде.

Салтанатты жиын барысында, балық шаруашылығы саласындағы бірқатар қызметкерлер «Балық шаруашылығы саласындағы еңбек сіңірген қызметкер» құрметті атағы, «Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз кызметі үшін» төс белгісімен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

Мағзұм Мырзағалиев сөз соңында «Еліміздің дамуы мен көркеюіне әрқайсыңыз жігерлі үлестеріңізді қосып жатырсыздар. Біздің басты міндетіміз – келешек ұрпақтарға өз еліне деген мақтаныш сезімімен қатар, табиғат байлығын сақтап қалу» екенін атап өтті.