Экология және цифрлық даму министрліктері цифрлық жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

Экология және цифрлық даму министрліктері цифрлық жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

Мұндай уағдаластыққа ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің кездесуі барысында қол жеткізілді.

Экология министрлігі бірқатар цифрлық жобаларды таныстырды. Олардың ішінде, жер шарының кез келген нүктесінен онлайн режимде бірнеше қарапайым қадамдардың көмегімен кен орындары бойынша геологиялық деректерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған минералдық ресурстардың ұлттық деректер банкі бар.

Бұл жүйенің басты қағидаты ,,paper free" тұжырымдамасын пайдалану, яғни құжаттарды қағаз түрінде ұсыну қажеттілігінің болмауы, инвесторларды қызықтыратын және толық ақпаратқа барынша тікелей қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.

Цифрландырудың арқасында қор ақпаратымен танысу, өтінім беру, келісімге қол қою, 1 айдан 6 айға дейін созылуы мүмкін геологиялық ақпараттың көшірмесін жасау және көшірмелерін алу сияқты процестер алынып тасталды.

Сарапшылардың айтуынша, негізгі нәтиже ,,Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" жаңа Кодекс процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету арқылы салаға инвестициялардың өсуі болып табылады.

Сонымен қатар, кеңеске қатысушылар үшін еліміздің барлық экологиялық саласын цифрландыру және автоматтандыру, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау тұжырымдамасы ұсынылды. ЕҚЫҰ-ны қаржыландыру шеңберінде әзірленген қоғамдық тыңдаулар бойынша модульдері және мониторингтің автоматтандырылған жүйесі бар бірыңғай экологиялық портал ұсынылды.

Сондай-ақ, аңшылық алқаптар мен балық өсіретін жерлерді қауіпсіздендіру бойынша электрондық форматта аукциондар өткізудің жаңа мүмкіндіктері көрсетілді.

Сонымен қатар, ,,Охотзоопром" РМК инспекторларының қызметін цифрландыру бойынша нәтижелер көрсетілді, суды жедел және ашық есепке алуды ұйымдастыруға бағытталған ,,цифрлық қосарланған" арналар негізінде "Қазсушар" РМК суару жүйесін цифрландыру бойынша алдағы жоспарлар туралы ақпарат ұсынылды.

Өз кезегінде, Цифрлық даму министрлігі экология, орман шаруашылығы және су ресурстары салаларында Жерді қашықтықтан зондтау негізінде ғарыштық мониторинг мүмкіндіктерін көрсетті.

Айта кетейік, ведомстволар балық және басқа да су жануарлары мониторингінің ақпараттық жүйесін құруды пысықтауды жоспарлап отыр. Бұл жүйені енгізу балық өнімдерінің көлеңкелі айналымын төмендетеді және бюджетке шамамен 40 млрд.теңге пайда әкеледі деп күтілуде.