
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (сілтеме: http://egov.kz. Ашық үкімет ® Ашық НҚА ® Орталық мемлекеттік органдар ® ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі) және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы хабарлайды (сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/149396?lang=ru, https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/149396?lang=kk).
«Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 152-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкелмейді.
Осыған байланысты, Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады.