ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев азаматтарды қабылдады

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі  М. Мырзағалиев азаматтарды қабылдады

Бүгін онлайн режимде Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев азаматтарды жеке қабылдады.

Нұр-сұлтан, Алматы, Талдықорған, Қарағанды, Атырау қалаларынан, сондай-ақ Алматы облысының Қарғалы ауылынан 7 адам өз сұрақтарымен жүгінді.

Өтініштерді талдау көрсеткендей, үш азаматтың Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы, Алматы облысының экология департаменті және «Қазсушар» РМК сияқты ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне наразылығын білдірген.

Министр аталған шағымдарды жеке бақылауына алып, бейінді комитеттердің басшыларына өтініш берушілермен жеке кездесу өткізуді және кейіннен түпкілікті шешім қабылдау үшін істің барлық мән-жайларын анықтауды тапсырды.

Бірқатар сұрақтар түсіндіру сипатында болды, атап айтқанда: құрамында ПХД бар қалдықтарды шығару, ұлттық парктердің қорғау аймақтары, бұлақтар мен өзендердің сарқынды суларымен ластануы, кесілген ағаштардың залалын анықтау әдістемесін әзірлеу және т. б.

Сондай-ақ, қабылдау барысында елдегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар түсті. Мәселен, Алматы қаласының ауа бассейнін тазарту үшін сүзгілерді орнату, Қазақстанда ауа райы жүйесін құру және балық өсіру шаруашылығын дамыту бойынша жобалар ұсынылды.

Ведомство басшысы барлық сұрақтар мен ұсыныстарға жауап беріп, министрліктің тиісті бөлімшелерінің басшыларына айтылған жобаларды қарастыруды тапсырды.