
2020 жылы 17 шілдеде Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі азаматтардың рұқсат етілмеген қоқыс алаңдары бойынша шағымдарын қабылдау үшін жедел желі (+77759524900) ашқан болатын.
Бүгінге дейін 1035 азамат хабарласып, шағымдардың 73%-ы орындалды. Хаттардың көбі (741) стихиялық қоқыс алаңдарына байланысты түсіп жатқанын атап өтеміз.