
2020 жылғы 4 қарашада Ақжайық резерватының инспекторлары "Ақжайық мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағында "Павлодар өзен порты" ЖШС - нің "жаңа арна" бойынша түбін тереңдету жұмыстары жүргізілетін буферлік аймақ ауданында ведомстволық бағынысты аумақтарды патрульдеу кезінде мемлекеттік инспекторлар құстардың 15 су құзғыны мен 5 "қарқылдақ" шағала өлгенін анықтап, бұл туралы акт жасады.
Құстар қырылған жерге Атырау облыстық аумақтық ветеринариялық инспекциясы, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлері бірлесіп шығып, жергілікті жер тексеріліп, өлген құстардан сынамалар алынды.
Атырау облыстық аумақтық ветеринарлық инспекциясы алынған сынамалар қаза болу себептерін зерттеу үшін Нұрсұлтан қаласына жіберілді.
Сондай-ақ, 2020 жылғы 5 қарашада Атырау облысы мен Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК экологиялық бақылау қызметкерлері зерттеу үшін топырақ, су және ауа сынамаларын алды.
2020 жылдың 4-9 қарашасы аралығында барлығы 74 су құзғыны және 7 шағала денесі табылған.