Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!
Құрметті депутаттар!
Алдымен, баршаңызға Экологиялық кодексті қарастыру кезіңде көрсеткен қолдауларыңыз үшін алғысымды білдіремін.
Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға мүмкіндік беретін Экологиялық кодекстің негізгі бөлімдеріне тоқталғым келеді.
«Ластаушы төлейді» қағидатының негізіне ластануды болдырмау мен бақылау бойынша шаралары жатады. Сонымен қатар, қоршаған ортаға тиген залалды қалпына келтіруге қатысты жауапкершілік қарастырылған.
Осылайша, мемлекет табиғат пайдаланушыларға экологиялық айыппұл төлеудің орнына қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау жөніндегі барлық шараларды қабылдау тиімдірек болатындай жағдай жасауы тиіс.
Бұдан басқа, экологиялық залал орын алған жағдайда табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны бастапқыда болған қалпына келтіру міндетті.
Ең озық қолжетімді технологияларды енгізеді деген шартпен бірінші санаттағы объектілер үшін кешенді экологиялық рұқсаттарға көшу ұсынылады. Сондай-ақ жаңадан іске қосылатын кәсіпорындар үшін кешенді экологиялық рұқсаттар алу міндеттілігі қарастырылды.
Ең озық қолжетімді технологияларды енгізудің арқасында еліміздегі экологиялых ахуал жақсарады.
Бірінші кезеңде мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, химия және электр энергетикасы салаларына қатысты елу (50) ірі кәсіпорынды Ең озық қолжетімді технологияларға ауыстыру жоспарланған. Айта кетерлік, осы елу (50) кәсіпорынға жалпы ластанудың сексен (80%) пайызы тиесілі.
Кодекстің жобасында бірінші санаттағы ірі кәсіпорындарға қатысты қоршаған ортаға әсерді бағалауды (ОВОС) жүргізу туралы талап қарастырылды. Олардың тізбесі қайта қаралады және негізінен экологиялық қауіпті объектілерге баса назар аударылатын болады.
Сонымен қатар, қоғам өкілдері қоршаған ортаға әсерді бағалаудың барлық кезеңдеріне қатысады (4 кезең - ниет туралы өтініш, қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласы, қоршаған ортаға әсерді бағалаудың есебі, қоршаған ортаға әсерді бағалаудың нәтижелері туралы қорытынды).
Міндетті түрде бірінші санаттағы объектілердің қоршаған ортаға әсері бағаланады. Ал екінші санаттағы объектілер скринингтен өтеді. Яғни, қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу қажет немесе қажет емес екендігі анықталады.
Үшінші санаттағы объектілер бойынша декларация қабылданады (қоймалар, жиһаз цехтары, бетон өңдеу тораптары және қызметі жергілікті, қоршаған ортаны ластаудың елеусіз сипатындағы өзге де объектілер). Ал төртінші санаттағы объектілер реттеуден толық босатылған. (автожуу, СТО, қоғамдық тамақтану объектілері, қуаттылығы аз қазандық қондырғылары бар микробизнес объектілері).
Қоршаған ортаға эмиссиялар және табиғат қорғау іс-шараларына бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы үшін төленетін төлем бойынша келесіні айта кету керек. Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнама бойынша табиғатты қорғау іс-шараларына эмиссия үшін түскен төлемдерді мақсатты жұмсау міндеттелеген. Мысалы соңғы жылдары жергілікті атқарушы органдар келіп түсетін қаражаттың тек қырық бес (45%) пайызын ғана қоршаған ортаны қорғауға бөліп келген.
Осыған байланысты, заң жобасында жергілікті атқарушы органдар түсетін экологиялық төлемдердін есебінен жүз (100%) пайыз көлемінде табиғатты қорғау іс-шараларына қаржы бөлуге міндетті екендігі көрсетілген.
Өндіріс және тұтыну қалдықтары мәселелерін шешу мақсатында қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы терминология мен ережелер халықаралық талаптарға сәйкес келтірілген.
Жобада қалдықтармен кезең-кезеңімен жұмыс істеуге бағытталған иерархия қарастырылған. Бұл дегеніміз, ең алдымен, жиналатын қалдықтарды азайтуға бағытталған. Я болмаса жиналған қалдықтарды қайта пайдалану, қайта өңдеу, кәдеге жарату қажет екендігі айтылған. Тек осыдан кейін ғана полигондарда көму қажеттілігін қарастырылатын болады.
Сондай-ақ, халықты тұрмыстық-қатты қалдықтарды жинаудың, кәдеге жаратудың және қайта өңдеудің, қалдықтарды бөлек жинаудың рационалды жүйесі туралы хабардар ету жүзеге асырылатын болады.
Қалдықтардың классификациясы Еуропалық каталогқа сай сәйкестендірілген. Және онда қауіпті емес те, қауіпті де қалдықтардың тізбесі көрсетіледі.
Бұл ретте, заңсыз қоқыс тастау мәселесін жүйелі түрде шешу үшін жаңа Экологиялық кодексте қоқыс шығаратын көліктерге GPS-датчиктерді міндетті түрде орнату мәселесі көзделген.
Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!
Құрметті депутаттар!
Осылайша, белгіленген нормалар экологиялық жағдайды түбегейлі жақсартуға және халықты қолайлы өмір сүру ортасымен қамтамасыз етуге бағытталады.
Сіздерден қолдауларыңызды сұраймын.
Баяндама аяқталды, назарларыңызға рахмет!