«Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде экотуризмді дамыту бойынша құрылған кеңестің құрамы бекітілді. Оған ғалымдар, саладағы сарапшылар, туристік қауымдастық өкілдері, қоғам қайраткерлері мен эко-активистер кірді.
Басши ауылында Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаевтың басшылығымен өткен отырыста Кеңестің алдағы жұмысы талқыланды. Енді ол ұлттық паркті дамытудың жаңа концепциясын жүзеге асыру кезінде қоғамдық бақылауға қатысады.
Шарадан кейін Кеңес мүшелері парк аумағында экотуризмге арналған инфрақұрылым орындарын аралап көрді.
Еске салсақ, 2020 жылы 3 қыркүйекте «Алтын емел» МҰТП-ін дамытудың тұжырымдамасы таныстырылған.
Қоғамдық кеңес құрамы:
- Нысанбаев Ерлан Нұралиұлы - Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары
- Самылтыров Еркебұлан Амантайұлы - Басшы ауылдық округі мәслихатының депутаты
- Шантаев Аркау Асетович - Алматы облысы туризм басқармасының басшысы
- Жақыпбеков Ұлдахан Оразұлы - Басшы ауылдық округі Ақсақалдар кеңесінің Төрағасы
- Курбанов Шухрат Бурхандинович - Панфилов ауданы әкімінің орынбасары
- Сакинбекова Гүлнар Махмұтқызы - Басшы ауылдық округі Әйелдер кеңесінің Төрайымы
- Аққозиев Орман Сейілханұлы - Алматы облыстық экология басқармасының басшысы
- Муратов Ерлан Курманович - ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі Комитетінің төрағасы
- Оспанова Гульден - Global Air LLP туристік агенттігінің Бас директоры
- Мухтар Тайжан - Қоғам қайраткері
- Досымбеков Тынышбай Досымбекович - эко-активист, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы
- Нигматова Саида Араповна - Қ. И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты мезозой және кайнозой зертханасының жетекшісі, геология-минерология ғылымдарының докторы
- Мащенко Виктор Викторович - эко-активист
- Нұрғалым Азамат Халықұлы - Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасы Кербұлақ аудандық филиалының төрағасы
- Оңалбаева Ляйля Ескендировна - “Кербұлақжұлдыз” газетінің бас редакторы
- Ященко Роман Васильевич - биология ғылымдарының докторы, ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы «Адам мен биосфера» комитетінің төрағасы, Зоология институтының директоры
- Дүйсенгалиев Тимур - “Жібек Жолы” ЖШС компаниясының директоры, Азия даму банкі және ҚР Үкіметі АБЭД туризм бойынша жұмыс тобының мүшесі
- Кертешов Талгат Сеитович - БҰҰ даму бағдарламасының бас сарапшысы
- Мұхаметжанов Азамат Болатович - “Outfitter KZ” ЖШС директоры
- Джардемов Диас Дауренович - Ішкі және сыртқы туризм бойынша менеджер
- Козбагарова Асем - “Sky Way” ЖШС директоры
- Сабальфелд Александр - “ASIA DISCOVERY” ЖШС құрылтайшысы
- Букеева Ардак - Forbes журналының рейтинг бойынша редакторы
- Ботабеков Роман Битаевич - “Тұран ТВ” ЖШС директоры
- Абенов Мурат Абдуламитович - қоғам қайраткері
- Кашкинбеков Арман - БҰҮДБ тұрақты даму бойынша жетекшісі
- Ильина Елена Викторовна – заңгер