Таза Қазақстан: Экологиялық бұзушылықтар үшін жауапкершілік

Таза Қазақстан: Экологиялық бұзушылықтар үшін жауапкершілік

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық заңнаманы сақтау еліміздің әрбір азаматының міндеті екенін еске салады. Қоршаған орта мен отандастырымыздың денсаулығын сақтап, орнықты дамуды қамтамасыз ету мақсатында экологиялық нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Еліміз бойыншы жиі кездесетін экология саласындағы заң бұзушылықтар:

- қалдықтарды заңсыз орналастыру және өртеу;

- атмосфералық ауаның және су объектілерінің ластануы;

- шығарындылар мен төгінділердің белгіленген лимиттерінен асып кету;

- қауіпті химиялық заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу;

- жер, орман мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі талаптарды сақтамау.

Сондай-ақ:

- қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтірілсе;

- жануарлар/өсімдіктердің жаппай қырылуына және адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ластануға жол берілген жағдайларда ірі мөлшерде айыппұл салынып, түзеу жұмыстары немесе 7 жылға дейінгі мерзімге шектеу/бас бостандығынан айыру жазалары қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - мемлекеттің, бизнестің және қоғамның ортақ міндеті. Сондықтан кәсіпорындар, азаматтарды экологиялық нормаларды қатаң сақтауға, қалдықтарды кәдеге жаратудың және шығарындыларды азайтудың заманауи технологияларын енгізуге, мемлекеттік экологиялық бастамаларға белсенді түрде қатысуға шақырамыз.