
2025 жылғы 2 қыркүйекте Ыстанбұл қаласында «Таза технологиялар күндері – 2025» жаһандық форумы аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н.С. Құрмалаев пен Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы, Елші К. Омуралиевтің кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар ТМҰ аясында экология саласындағы ынтымақтастықты дамыту, Қоршаған орта, климат және экология мәселелері бойынша министрлер кеңесін құру, сондай-ақ Түркі әлемінің жасыл көзқарасын іске асыру және басқа да мәселелерді талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ТМҰ аясындағы одан әрі тиімді өзара іс-қимылға сенім білдірді.