
2020 жылғы 25 қыркүйекте ZOOM-конференциясы режимінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғамдық кеңесінің экология жөніндегі комиссиясының отырысы өтеді.
Отырыс барысында келесі мәселелерді қарау жоспарлануда:
- «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ-ның 2020 жылғы «Технологиялар мен үздік тәжірибелерді ілгерілету, бизнес пен инвестицияларды дамыту арқылы Қазақстанның «жасыл экономикаға» жедел көшуіне жәрдемдесу» 044 Бюджеттік бағдарламасы бойынша есебі;
- Жасыл климат қорымен ынтымақтастық перспективалары;
- Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқарудағы жаңа тәсілдер.
Отырыстың тікелей трансляциясы мен жазбасын ҚР ЭГТРМ Қоғамдық Кеңесінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парағынан көруге болады: https://www.facebook.com/sovetminecology/