Әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБ материалдары) жүргізу үшін мынадай құжаттар келіп түсті:
- «Алматы қаласының бас жоспарына түзету енгізу» жобасы аумағын сәулеттік-жоспарлау ұйымдастыру» түсіндірме жазбасы;
- «Алматы қаласының бас жоспарына түзету енгізу» жобасының тірек жоспары және бас жоспары;
- «Алматы қаласының бас жоспарына түзету енгізу» жобасы аумағын кешенді қала құрылыстық бағалау схемалары;
- «Алматы қаласының бас жоспарына түзету енгізу» құжатын іске асыру кезінде қоршаған ортаға, адам өміріне және (немесе) денсаулығына ықтимал әсердің жалпы сипаттамасы;
- «Алматы қаласының бас жоспарына түзету енгізу» құжатын іске асыру жоспарланған аумақтың сипаттамасы.
СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Алматы бас жоспары» Ғылыми-зерттеу институты» ЖШС.
СЭБ құжаттарының тапсырыс берушісі: «Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ
СЭБ әзірлеуге жауапты: Алматы қаласының әкімдігі.
СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:
1) бас жоспарды жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
2) бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
3) бас жоспарды іске асыру кезінде қоршаған ортаға, адамның өміріне және (немесе) денсаулығына ықтимал әсердің жалпы сипаттамасын қалай бағалайсыз? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
4) сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2025-2040 ж.ж.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2026 жылдың 6 қаңтарынан 2026 жылдың 21 қаңтарына дейін (соның ішінде).
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.
Экологиялық мәдениет және саясат департаменті
Тел. 8 (7172) 74-02-83, 74-08-90
e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz,
"Алматыгенплан "ғылыми-зерттеу институты"ЖШС
Тел. 8(727) 265-90-01
e-mail: gp@almatygenplan.kz
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде электронды мекенжайға жіберуге болады. Министрлік Кеңсесінің мекенжайы: k.kense@ecogeo.gov.kz.
Сіздің құжаттарыңыздың алынғандығы жөнінде, кеңседе +7/7172/74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет.
СЭБ бойынша материалдар орналастырылған:
Министрліктің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)
Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының сайтында («Құжаттар»): https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-uaig/documents/details/945990?lang=kk