Баға ұсыныстарына сұраным (БҰС)

Баға ұсыныстарына сұраным (БҰС)

 

 

Жоба атауы: «Шығарындылар саудасы нарығын іске асыру жөніндегі әріптестік» (бұдан әрі - Жоба).

Қаржыландыру көзі: № TF0B9097 Гранты

Келісімшарт нөмірі: KZPMI-RFQ-05

 

Құрметті Жеткізуші!

 

  1. Осымен Сізге келесі атауға сәйкес баға ұсынымдарыңызды беруіңізді сұраймыз:

 

                                        Кеңселік жиһазы                                              

 

Техникалық ерекшеліктер мен талап етілетін сандар туралы ақпарат қоса беріледі (1-қосымша).

 

  1. Сіз осы сұрау салу шеңберінде тауарлардың барлық атаулары бойынша баға ұсынысын ұсынуға тиіссіз. Көрсетілген бағаларды бағалау барлық атаулар бойынша бірге жүргізілетін болады және келісім-шарт барлық атаулар бойынша ең төмен бағаланған жалпы бағаны ұсынатын фирмаға берілетін болады.

 

  1. Сіздің баға ұсынысыңыз мына мекенжайға өз қолымен де, электрондық пошта арқылы да жеткізілуі мүмкін:

 

«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі» ММ

«Шығарындылар саудасы нарығын іске асыру жөніндегі әріптестік» жобасын іске асыру тобы

Астана қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 47, «Евроцентр» БО, 7-қабат, 22-кеңсе

Сабыр Асылбеков - Жобаны іске асыру тобының үйлестірушісі

Тел.: 8 702 767 64 59

E-mail: nkaulanova@gmail.com

 

  1. Сіздің баға ұсынысыңыз Қазақстанда осы тауарларға сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін фирмалардың атаулары мен мекенжайларын қоса алғанда, тауардың әрбір ұсынылатын атауы бойынша тиісті техникалық сипаттамамен сүйемелденуі тиіс.

 

  1. 3-тармақта көрсетілген мекенжай бойынша Сіздің баға ұсынысыңызды алудың соңғы мерзімі:
    2025 жылғы 20 қазан күні 18:00-ге дейін.

 

  1. Сіздің баға ұсынысыңыз төмендегі нұсқаулықтарға сәйкес ұсынылуы және жеткізу мерзімдері мен шарттары жөніндегі талаптарға сәйкес келуі тиіс (2-қосымша). Баға ұсынысы және оған қосымшалар (1 және 2-қосымшалар) қолмен және мөрмен расталуы тиіс.

 

(i) БАҒАЛАР: Бағалар техникалық ерекшелiкке сәйкес жеткiзу кезiндегi зақымдану немесе бүлiну (сақтандырумен қамтамасыз ету) тәуекелдерiн қоса алғанда, баратын жерiне жеткiзудi ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес барлық қажеттi салықтар мен төлемдердi қамтуға тиiс (1-қосымша).

  • БАҒА ҰСЫНЫСТАРЫН БАҒАЛАУ. Мәні бойынша техникалық сипаттама талаптарына сай келетін баға ұсыныстары бағаларды салыстыру арқылы бағаланатын болады.

 

Баға ұсыныстарын бағалауда Тапсырыс беруші төмендегі амал бойынша кез келген арифметикалық қателерді түзету арқылы әрбір ұсыныс үшін бағалау құнын анықтайды:

  • санмен және жазумен жазылған сомалар арасында сәйкессіздік болса, сөзбен жазылған сома шешуші деп есептелінетін болады;
  • бірлік үшін баға мен бірлік бағасын санға көбейткеннен пайда болатын жалпы құн арасында сәйкессіздік болса, бірлік үшін көрсетілген баға шешуші болып естелінетін болады;
  • түзетуді қабылдаудан бас тартқан Жеткізушінің баға ұсынысы қабылданбайтын болады.

 

 

  • КЕЛIСIМ-ШАРТТЫ БЕРУ: Келiсiм-шарт бағаға сәйкес ең төмен баға ұсынған және техникалық және қаржылық мүмкiндiктердiң талап етiлетiн стандарттарына жауап беретiн қатысушыға берiлетiн болады. Табысты қатысушы қоса беріліп отырған нысанға және жеткізу мерзімдері мен шарттарына сәйкес келісімшартқа қол қояды.

 

  • ҰСЫНЫСТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ: Баға ұсыныстарыңыз Баға ұсыныстарына сұранымның 5-тармағында көрсетілген ұсыныс жіберілген соңғы мерзімнен бастап  қырық бес (45) күн бойы жарамды болуы тиіс.

 

  1. Қосымша ақпарат алу үшін байланыс:

 

 «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі» ММ

«Шығарындылар саудасы нарығын іске асыру жөніндегі әріптестік» жобасын іске асыру тобы

Астана қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 47, «Евроцентр» БО, 7-қабат, 22-кеңсе

E-mail: nkaulanova@gmail.com

Тел.: 8 702 767 64 59

Жобаны іске асыру тобының сатып алу маманы

Нурия Кауланованың назарына.

 

Дата публикации
08 октября 2025