Баға ұсыныстарына сұраным
Жоба атауы: «Шығарындылар саудасы нарығын іске асыру жөніндегі әріптестік» жобасы
Қаржыландыру көзі: № TF0B9097 Гранты
Келісімшарт нөмірі: KZPMI/RFQ - 01
Құрметті Жеткізуші!
- Осымен Сізге келесі атауға сәйкес баға ұсынымдарыңызды беруіңізді сұраймыз:
"Шығарындылар саудасы нарығын іске асыру жөніндегі әріптестік" Жобаны іске асыру тобы үшін кеңсе үй-жайын жалға беру жөніндегі қызметтер.
- Төмендегі нысан бойынша (3-қосымша) Сіз осы сұрау салу шеңберінде төмендегі нұсқаулықтарға сәйкес баға ұсынысын ұсынуыңыз керек. Сіздің баға ұсынысыңыз техникалық сипаттаманың талаптарына (2-қосымша), жеткізу мерзімдері мен шарттарына (1-қосымша) сәйкес келуі керек. Баға ұсынысыңызды электрондық пошта nkaulanova@gmail.com арқылы немесе төмендегі мекенжайға қолмен жеткізе аласыз:
«Шығарындылар саудасы нарығын іске асыру жөніндегі әріптестік» Жобаны іске асыру тобы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ММ
Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15 кіреберіс, 4 қабат, офис 459
E-mail: nkaulanova@gmail.com
- 2-тармақта көрсетілген мекенжай бойынша Сіздің баға ұсынысыңызды ұсынудың соңғы мерзімі 2025 жылғы "10" қыркүйек сағат 18.00-ге дейін болып табылады.
- Баға ұсынымыңыз төмендегі нұсқаулыққа сәйкес және және техникалық сипаттаманың талаптарына сәйкес ұсынылуы керек. Баға ұсынысы (3-қосымша), техникалық сипаттама (1-қосымша) және көрсетілетін қызметтер тізбесі (2-қосымша) қолтаңба және мөрмен күәландыруы қажет. Қоса беріліп отырған қызмет көрсету мерзімдері мен шарттары келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
- БАҒАЛАР. Бағалар теңгемен көрсетілуі тиіс, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажетті салықтарды және төлемдерді қамтиды.
- БАҒА ҰСЫНЫСТАРЫН БАҒАЛАУ. Мәні бойынша техникалық сипаттама талаптарына сай келетін баға ұсыныстары бағаларды салыстыру арқылы бағаланатын болады.
Баға ұсыныстарын бағалауда Тапсырыс беруші төмендегі амал бойынша кез келген арифметикалық қателерді түзету арқылы әрбір ұсыныс үшін бағалау құнын анықтайды:
- санмен және жазумен жазылған сомалар арасында сәйкессіздік болса, сөзбен жазылған сома шешуші деп есептелінетін болады;
- бірлік үшін баға мен бірлік бағасын санға көбейткеннен пайда болатын жалпы құн арасында сәйкессіздік болса, бірлік үшін көрсетілген баға шешуші болып естелінетін болады;
- түзетуді қабылдаудан бас тартқан Жеткізушінің баға ұсынысы қабылданбайтын болады.
(iii) КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАСУ Келісімшарт ең төмен бағаланған құнды (бағаны) ұсынған, техникалық сипаттама талаптарына сай келетін қатысушымен жасалатын болады. Сәтті қатысушы техникалық сипаттамада тіркелген мерзімдер мен шарттарына сәйкес келісімшартқа қол қояды.
(iv) ҰСЫНЫСТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ Баға ұсыныстарыңыз Баға ұсыныстарына сұранымның 5-тармағында көрсетілген ұсыныс жіберілген соңғы мерзімнен бастап қырық бес (45) күн бойы жарамды болуы тиіс.
- Қосымша ақпарат алу үшін байланыс:
«Шығарындылар саудасы нарығын іске асыру жөніндегі әріптестік» Жобаны іске асыру тобы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ММ
Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы,8, 15 кіреберіс, 4 қабат, офис 459
E-mail: nkaulanova@gmail.com
Жобаны іске асыру тобының сатып алу маманы
Нурия Кауланованың назарына.