Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің 444 қызметкерін (оның ішінде қайта даярлау курстарында – 120, біліктілікті арттыру курстарында – 324) 2020 жылы оқыту жоспарланған.
2020 жылдың 2 қараша жағдайына 396 қызметкер (оның ішінде қайта даярлау курстарында – 101 қызметкер, біліктілікті арттыру курстарында – 295 қызметкер) оқытылды.
Коронавирус індетіне байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқыту онлайн форматта өтуде.