2021-2023 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды жүргізуге арналған конкурстық құжаттама

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2021 – 2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде конкурстық құжаттамаға сәйкес «Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалану, экология», «Геология, минералды және көмірсутекті шикізатты өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар» басым бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға конкурс жариялайды.

Конкурстық құжаттама мен өтінімді рәсімдеу бойынша түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға жауапты тұлға – Сауатов Альфараби Сандыбиевич, телефон              8 (7172) 74-14-55, 8-775-777-03-05.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 210, 216, 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 233, 234, 235, 236). Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Конкурстық өтінімдер Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы бағдарламаның ғылыми жетекшісінің және өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрде https://is.ncste.kz. сілтемесі бойынша беріледі.

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2020 жылғы 8 қазанынан бастап.

  Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2020 жылғы 22 қараша (қоса алғанда).

КД рус
Дата публикации
27 октября 2020