Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Дүниежүзілік банктың қатысуымен «Нарықты енгізу бойынша серіктестік» (Partnership for Market Implementation) гранттық жобасын іске асыруға кірісті.
Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық шығарындылар сауда жүйесінің жұмыс істеуін нығайту және елдің Париж климаттық келісімі аясында жаңартылған парниктік газдар шығарындыларын азайту мақсаттарына қол жеткізу үшін көміртекті баға белгілеуді кеңейту мүмкіндігін зерделеу.
Жоба Әлеуметтік-экологиялық стандарттарға және Дүниежүзілік банк үшін қолайлы түрде ұсынылған Экологиялық және әлеуметтік міндеттемелер жоспарына, сондай-ақ мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес іске асырылады.
Іске асыру мерзімі – 2024-2028 жылдар.