Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024– 2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде конкурстық құжаттамаға сәйкес «Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану» басым бағыты бойынша конкурс жариялайды.
Конкурстық құжаттама мен өтінімді ресімдеу бойынша түсіндіру жүзеге асыруға жауапты тұлғалар – Бақытгүл Тоқтарбайқызы Байтанбалиева, телефон 8(7172)-75-09-59, электрондық мекенжайы: b.baitanbalieva@ecogeo.gov.kz, Асқат Бахтыгалиұлы Жубаев, телефон 8(7172)-74-10-61, электрондық мекенжайы: a.zhubaev@ecogeo.gov.kz, Талғат Ошантайұлы Ердешев, телефон 8(7172)-74-06-69, электрондық мекенжайы: t.erdeshev@ecogeo.gov.kz.
Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-02 (ішкі 207, 208, 210, 211, 212, 214, 215, 216, 217, 219, 220, 222, 223, 224, 226, 227, 228).
Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Конкурстық өтінімдер Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы бағдарламаның ғылыми жетекшісінің және өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрде https://is.ncste.kz. сілтемесі бойынша беріледі.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2023 жылғы 20 қарашадан бастап.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2023 жылғы 19 желтоқсанға (қоса алғанда).
Қосымша (Конкурстық құжаттама)