Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: орман шаруашылығы (орман ресурстары және орман өсіру), ұшқыш-бақылаушы куәлігінің болуы, бейінге сәйкес келетін ұйымдарда басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)» № 075/е нысаны бойынша анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) ұсына алады.

«Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының орналасқан жері: Алматы қаласы, Керей – Жәнібек хандар көшесі 259, тел.: 8-7272-71-64-86, airbar@list.ru. Кәсіпорын қызметінің мақсаты авиациямен орманды өрттен қорғау, орман зиянкестері мен ауруларынан күзету, орман және аңшылық шаруашылығына қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау болып табылады.

Конкурстың өту күні мен уақыты үміткерлерге ескертіледі. Конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу онлайн форматта ZOOM қосымшасы арқылы өтеді, конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды тапсыру келесі мекен жайда өтеді: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Мәңгілік ел даңғылы, 10 үй, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс. Анықтама үшін телефон: 8-7172-74-10-97, s.aldazhumanova@ecogeo.gov.kz.

 

Дата публикации
19 сентября 2023