БОС ОРЫН: «1-компонент бойынша техникалық консультантты алу жөніндегі конкурс» ИДЖЖ-2 («Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» жобасы, 2-фаза)

БОС ОРЫН: «1-компонент бойынша техникалық консультантты алу жөніндегі конкурс» ИДЖЖ-2 («Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» жобасы, 2-фаза)

 

Жұмыс беруші: «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті» РММ

 

Біліктілік:

 

  • Экономика, қаржы, құрылыс, құқықтану және т. б. салалардағы жоғары тиісті білім;
  • Құрылыстағы, жобалаудағы, ұқсас келісімшарттарды орындаудағы практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл;
  • Дүниежүзілік банк немесе басқа халықаралық қаржы институттары қаржыландыратын халықаралық жобаларда жұмыс істеудің практикалық тәжірибесі артықшылық болып табылады.

 

Тілдер:

ЖБТ консультанты қазақ және орыс тілдерін жетік білуі тиіс, ағылшын тілін білу артықшылық болып табылады

 

Толық жұмыс күні

 

Осы позицияның міндеттері:

 

Осы позицияның негізгі міндеті жобаны тікелей жобалау аймағында (Астана қаласындағы ЖБТ) іске асыру кезінде 1- компонент бойынша консультациялық қызметтер көрсету болып табылады.

 

Міндеттері:

 

Техникалық кеңесші практикалық көмекпен шектелмей, 1-компонент бойынша келесі міндеттер үшін жауап береді:

 

  • Ирригациялық-дренаждық жүйелер бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің сапалы мониторингін қамтамасыз ету.
  • Жобалау-іздестіру жұмыстары мен құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін қажетті мүдделі ұйымдардан рұқсаттарды және өзге де құжаттарды сұрау және алу.
  • Жобалық шешімдерді қарау және жоба құрылысы объектілерінің соңғы жұмыс жобаларын қабылдау.
  • Жобалау шешімдерін барлық мүдделі тараптармен келісу және барлық қатысушылармен, соның ішінде пайдаланушы ұйымдар мен фермерлермен кеңесу.
  • Халықаралық Консультант дайындаған тендерлік құжаттардың құрамындағы жұмыс көлемінің техникалық ерекшеліктерін және тізімдемелерін қарау және келісу.
  • Жобаны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдау үшін мүдделі жергілікті атқарушы органдармен, ведомстволармен және ұйымдармен тұрақты өзара әрекеттесу;
  • Жобаны уақтылы және сапалы іске асыру мақсатында Инженердің өкілімен және резиденттерімен тұрақты өзара әрекеттесу.
  • Жобалық аймақтардағы ЖЖТ консультанттары арқылы Жоба объектілері құрылысының барысына күнделікті мониторинг жүргізу, Инженер өкілдерімен және мердігерлермен техникалық кеңестерге қатысу.
  • Апталық есептерді дайындау және құрылыс барысы туралы ай сайынғы есептерді уақтылы ұсыну
  • Жобаны іске асыру мәселелері бойынша мүдделі ұйымдармен, мекемелермен, заңды және жеке тұлғалармен хат алмасуды ұйымдастыру және СРК басшылығына дайындау және енгізу
  • Консультант ҚР ЭТРМ СРК және ЖБТ үйлестірушісіне есеп береді.
  • Жоба үйлестірушісін уақтылы хабардар ету және жоба бойынша туындайтын барлық мәселелерді шешу жөнінде шаралар қабылдау;
  • Жоба бойынша тренингтерге қатысу.

 

Есеп беру бойынша: техникалық консультант СРК-не және ЖБТ-на жобаның координаторына іске асырылу барысы туралы ай сайынғы есептерді ұсынады.

 

Консультантты іріктеу 2020 жылғы қарашадағы ИЖҚ қарыз алушылары үшін сатып алу қағидаларында көрсетілген ХҚДБ рәсімдеріне сәйкес жеке консультанттарды іріктеу әдісі (ЖК) бойынша жүргізілетін болады. www.worldbank.org).

Қол қойылған және сканерленген қызығушылық сұраныстар қоса берілген түйіндеме және растайтын құжаттардың көшірмелерімен (диплом, еңбек кітапшасының/келісімшарттардың көшірмелері және т. б.) 2023 жылғы 31 тамыз сағат 11:00 - ден кешіктірмей – 1-компонент бойынша техникалық консультанттың позициясын көрсете отырып ("Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру, 2-кезең" жобасы), төменде көрсетілген мекенжай бойынша жіберілуге тиіс (дербес немесе пошта арқылы, немесе факс арқылы, немесе эл/пошта арқылы).

 

Комитет қызығушылық білдіру туралы барлық ұсыныстарды қабылдау немесе қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

 

Мекен жайы:

Астана, Қазақстан Республикасы Тел.: +7 7172 620240

Сығанақ 43, «Аңсар» Бизнес Орталығы, № 1208 кеңсе

Кімге: Ердос Құлжанбеков, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Су ресурстары комитеті Су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиоративтік жүйелерді дамыту басқармасының бас сарапшысы;

Кімге; Анар Темірбекова, Сатып алу бойынша кенесші

E-mail: e.kulzhanbekov@ecogeo.gov.kz, astana.idip@mail.ru

Конкурстық ұсынысты ұсыну мерзімі:

Күні: 31 тамыз 2023 ж.

Сағат: 11:00 (Астана қ. уақыты)

 

 

Дата публикации
16 августа 2023