Функционалдық міндеттері: заңнамаға сәйкес кәсіпорынның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін басқарады. Кәсіпорынның негізгі қызметін ұйымдастыру, кадрлық және қаржылық мәселелерді шешу, кәсіпорынның су шаруашылығы құрылыстарын тиісті пайдалануды қамтамасыз ету, кәсіпорынның жоспарлы көрсеткіштерін бақылау және орындау. Халықтың және экономика салаларының қажеттіліктеріне сәйкес айқындалатын кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін дамытудың негізгі бағыттары туралы ұсыныстарды дайындау және мемлекеттік басқару органына енгізу. Кәсіпорын объектілерін салуға және қайта жаңартуға, оларды басқаруды жетілдіруге бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары кәсіби (техникалық, инженерлік-экономикалық). Су шаруашылығы саласында басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу Қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 13-кіреберіс, 475 кабинет анықтама телефоны 74-13-92, электрондық адрес бойынша a.kalzhanova@ecogeo.gov.kz тапсырылуы тиіс.
Әңгімелесу өткiзудiң орны: Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді.