БОС ОРЫН: «1-компонент бойынша техникалық консультантты алу жөніндегі конкурс» ИДЖЖ-2 («Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» жобасы, 2-фаза)

БОС ОРЫН: «1-компонент бойынша техникалық консультантты алу жөніндегі конкурс» ИДЖЖ-2 («Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» жобасы, 2-фаза)

 

Жұмыс беруші: «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті» РММ

 

Біліктілік:

 

  • құрылыс, гидромелиорация саласында жоғары білім;
  • гидромелиоративтік құрылыста немесе жобалауда 5 жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжірибесі;
  • Дүниежүзілік банк немесе басқа да халықаралық қаржы институттары қаржыландыратын халықаралық жобалардағы практикалық жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады;

 

Тілдер:

  • Техникалық кенесші қазақ және орыс тілдерін жетік меңгеруі тиіс. Ағылшын тілін білу құпталады.

 

Толық жұмыс күні

 

Осы позицияның міндеттері:

 

Осы позицияның негізгі міндеті жобаны тікелей жобалау аймағында (Астана қаласындағы ЖБТ) іске асыру кезінде 1- компонент бойынша консультациялық қызметтер көрсету болып табылады.

 

Міндеттері:

 

Техникалық кеңесші практикалық көмекпен шектелмей, 1-компонент бойынша келесі міндеттер үшін жауап береді:

 

  • Жобаның кіші жобалық аймақтарында 1-компонентті сапалы іске асыру үшін жеке жауапкершілік.
  • Мемлекеттік нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жобалау - сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) және халықаралық стандарттарға сәйкес конкурстық құжаттаманың уақтылы дайындалуын, сондай-ақ ЖСҚ-ның мемлекеттік Құрылыс және салалық сараптамалардан өтуін бақылау;
  • Жобаның ирригациялық және дренаждық аспектілері үшін ЭГТРМ СРК үйлестірушісі және басшылығы алдында жеке жауапкершілік. Жобаланатын ирригациялық-дренаждық жүйелердің, оның ішінде бөгеттердің қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралардың сапалы мониторингін қамтамасыз ету.
  • Жобалау-іздестіру жұмыстары үшін қажетті мүдделі ұйымдардан рұқсат беру және басқа да құжаттарды сұрату және алу.
  • Жобалау-іздестіру жұмыстары кезінде Жоба объектілерін тексеруге, тексеру нәтижелері бойынша ақаулы актілерді дайындауға және растауға қатысу.
  • Жобалық шешімдерді қарау, олар бойынша ескертулер, ұсыныстар беру және жоба құрылысы объектілерінің түпкілікті жұмыс жобаларын қабылдау.
  • Жобалық шешімдерді барлық мүдделі тараптармен және барлық қатысушылармен, соның ішінде жұмыс істейтін ұйымдар мен фермерлермен келісу.
  • Халықаралық Консультант дайындаған тендерлік құжаттар құрамындағы техникалық ерекшеліктер мен жұмыс көлемдерінің ведомостарын қарау және келісу. Олардың жобалық шешімдерге сәйкестігін тексеру.
  • Жобаны іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдау үшін мүдделі жергілікті атқарушы органдармен, ведомстволармен және ұйымдармен тұрақты өзара іс-қимыл жасау;
  • Халықаралық инженер-консультанттар Федерациясы (FIDIC) келісім-шарттарының талаптарына, ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік талаптарына, ЖСҚ-ға сәйкес жоба объектілерінің құрылысын бақылау;
  • Жобаны уақтылы және сапалы жүзеге асыру мақсатында инженердің өкілімен және резиденттерімен үнемі өзара әрекеттесу.
  • Инженердің жұмыс кестелері қызметімен бірлесіп Келісу. Жұмыс кестесінің сақталуын бақылау.
  • Кіші жобалы аймақтардағы ЖБТ консультанттары арқылы Жоба объектілері құрылысының барысына күн сайынғы мониторинг, жобалық учаскелерге тұрақты бару. Инженер өкілдерімен және мердігерлермен техникалық кеңестерге қатысу.
  • Инженер қызметі дайындаған жоба нысандарында орындалған жұмыс көлемінің сертификаттарын тексеру және растау.
  • Келісім-шарт талаптарына сәйкес инженер қызметі дайындаған жобадан ауытқуларды келісу.
  • Жобаның құрылыс объектілері бойынша жинақтау ведомостарын жүргізуді ұйымдастыру.
  • Ай сайынғы есептер мен төлем сертификаттарын Астана ЖБТ-ға уақтылы жіберу
  • Объектідегі атқарушылық құжаттаманың жүргізілуін және дайындалуын бақылау.
  • Жобаны іске асыру барысында ЖБТ персоналының, консультанттың және мердігердің мүдделер қақтығысының туындамауын қамтамасыз ету.
  • Астана ЖБТ үшін құрылыс барысы туралы апта сайынғы есептерді дайындау.
  • Техникалық консультант ЖБТ-ның координаторына және ҚР ЭТРМ СРК үйлестірушісіне есеп береді.
  • Жоба үйлестірушісін уақтылы хабардар ету және жоба бойынша туындайтын барлық проблемаларды шешу бойынша шаралар қабылдау;
  • Жоба бойынша тренингтерге қатысу.

 

Есеп беру бойынша: техникалық консультант СРК-не және ЖБТ-на жобаның координаторына іске асырылу барысы туралы ай сайынғы есептерді ұсынады.

Консультантты іріктеу 2020 жылғы қарашадағы ИЖҚ қарыз алушылары үшін сатып алу қағидаларында көрсетілген ХҚДБ рәсімдеріне сәйкес жеке консультанттарды іріктеу әдісі (ЖК) бойынша жүргізілетін болады. www.worldbank.org).

Қол қойылған және сканерленген қызығушылық сұраныстар 2023 жылғы 12 маусым сағат 12:00 - ден кешіктірмей – Жобаны басқару тобының (ЖБТ облыстарда) техникалық консультантты алу жөніндегі конкурс позициясын көрсете отырып, төменде көрсетілген мекенжайға жіберілуге тиіс (дербес немесе пошта арқылы, немесе факс арқылы, немесе эл/пошта арқылы).

 

Комитет қызығушылық білдіру туралы барлық ұсыныстарды қабылдау немесе қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

 

Мекен жайы:

Астана, Қазақстан Республикасы Тел.: +7 7172 620240

Сығанак 43, Бизнес Центр «Ансар», № 1208 кенсе

Кімге: Ердос Кульжанбеков, Басқарма басшысы, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Су ресурстары комитеті

Кімге; Анар Темірбекова, Сатып алу бойынша кенесші

E-mail: e.kulzhanbekov@ecogeo.gov.kz, astana.idip@mail.ru

Конкурстық ұсынысты ұсыну мерзімі:

Күні: 12  маусым 2023 ж.

Сағат: 11:00 (Астана қ. уақыты)

 

 

Дата публикации
06 июня 2023