БОС ОРЫН: «Техникалық кеңесші алу жөніндегі конкурс» ИДЖЖ-2 («Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» жобасы, 2-фаза)

БОС ОРЫН: «Техникалық кеңесші алу жөніндегі конкурс» ИДЖЖ-2 («Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» жобасы, 2-фаза)

 

Жұмыс беруші: «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті» РММ

 

Біліктілік:

 

  • Бизнес, құқық, қаржы, экономика, инженерия немесе баламалы дәрежедегі жоғары білім;
  • Келісімшарттарды орындау/іске асыру бойынша шетелдік және жергілікті компаниялармен кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Дүниежүзілік банк немесе басқа халықаралық қаржы институттары қаржыландыратын жобалардағы практикалық тәжірибе артықшылық болып табылады;
  • Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білу.

 

Тілдер:

Консультант қазақ және орыс тілдерін жетік білуі тиіс, ағылшын тілін білу артықшылық болып табылады.

Толық жұмыс күні

 

Осы позицияның міндеттері:

 

Осы позицияның негізгі міндеті Жобаны іске асыруда консалтингтік қызметтерді көрсету болып табылады (Астана қ. ЖБТ).

 

Міндеттері:

 

Техникалық кеңесші практикалық көмекпен шектелмей келесі міндеттер үшін жауап береді:

 

  • Жобаны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдау үшін мүдделі мемлекеттік органдармен, ведомстволармен және ұйымдармен өзара әрекеттесу;
  • Жобаны іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдар үшін қажетті сұраныстарды,ақпараттарды, есептерді дайындау;
  • Қарыз туралы келісімнің және Операциялық басшылықтың ережелеріне сәйкес Жобаны іске асыру мәселелері бойынша ХҚДБ-мен өзара әрекеттесу;
  • Жұмыс барысын және тиісінше жоба нәтижелерінің индикаторларын жинау, құжаттау, талдау;
  • ХҚДБ және ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес іске асырылатын жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараларды жинау, құжаттау, талдау;
  • Екі тілде келісімшарттар, қолданыстағы келісімшарттарға қосымша келісімдер дайындауға жәрдемдесу;
  • ЖБТ консультанттарының мониторинг және бағалау, әлеуметтік мәселелер және т. б. бойынша есептерді дайындауын ұйымдастыру және бақылау.;
  • ХҚДБ қадағалау миссияларының ұсынымдары мен шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
  • Сатып алу мәселелері бойынша жобаны іске асыруда ЖБТ мамандарына жәрдем көрсету, келісімшарттарды, техникалық және қаржылық мәселелерді әкімшілендіру;
  • ЖІТ консультанттарынан, халықаралық консультанттан есептер жинау және жоба объектілеріндегі жұмыс барысы туралы ақпаратты талдау. Жобаны іске асыру барысы туралы өзекті ақпаратты дайындау;
  • Жоба үйлестірушісін уақтылы хабардар ету және өз құзыреті шеңберінде жоба бойынша туындайтын барлық мәселелерді шешу жөнінде шаралар қабылдау;
  • Қажет болған жағдайда жобаны іске асыруға байланысты Тапсырыс берушінің, ЖБТ-ның өзге де тапсырмаларын орындау;
  • Жұмыс кестесіне сәйкес жобаның бюджеттік өтінімдерін (техникалық бөлігі) дайындауға және қорғауға жәрдемдесу;
  • ЖБТ консультанттарына арналған тренингтер ұйымдастыру.

 

Есеп беру бойынша: техникалық консультант СРК-не және ЖБТ-на жобаның координаторына іске асырылу барысы туралы ай сайынғы есептерді ұсынады.

 

Консультантты іріктеу 2020 жылғы қарашадағы ИЖҚ қарыз алушылары үшін сатып алу қағидаларында көрсетілген ХҚДБ рәсімдеріне сәйкес жеке консультанттарды іріктеу әдісі (ЖК) бойынша жүргізілетін болады. www.worldbank.org).

Қол қойылған және сканерленген қызығушылық сұраныстар 2023 жылғы 12 маусым сағат 11:00 - ден кешіктірмей – Жобаны басқару тобының (ЖБТ облыстарда) техникалық консультантты алу жөніндегі конкурс позициясын көрсете отырып, төменде көрсетілген мекенжайға жіберілуге тиіс (дербес немесе пошта арқылы, немесе факс арқылы, немесе эл/пошта арқылы).

 

Комитет қызығушылық білдіру туралы барлық ұсыныстарды қабылдау немесе қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

 

Мекен жайы:

Астана, Қазақстан Республикасы Тел.: +7 7172 620240

Сығанак 43, Бизнес Центр «Ансар», № 1208 кенсе

Кімге: Ердос Кульжанбеков, Басқарма басшысы, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Су ресурстары комитеті

Кімге; Анар Темірбекова, Сатып алу бойынша кенесші

E-mail: e.kulzhanbekov@ecogeo.gov.kz, astana.idip@mail.ru

Конкурстық ұсынысты ұсыну мерзімі:

Күні: 12 маусым 2023 ж.

Сағат: 11:00 (Астана қ. уақыты)

 

 

 

 

 

Дата публикации
06 июня 2023