Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағында орналасқан, сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған қауіпті қалдықтарды (химиялық қалдықтар, материалдар, реагенттер, шикізат) сату бойынша қайта конкурс өткізу туралы хабарландыру

    1. Конкурсты ұйымдастырушының атауы және конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау мекенжайы:

    «Жасыл даму» АҚ, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі  № 373  бұйрығымен бекітілген иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларының 9, 11, 12, 14-16 тармақтарына сәйкес  (бұдан әрі – Қағидалар) сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауытының аумағында орналасқан қауіпті қалдықтарды (химиялық қалдықтар, материалдар, реагенттер, шикізат) сату бойынша қайта конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізу туралы хабарлайды.

    Конкурсқа қатысуға өтінімдер Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 үй, 407 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.

    1. Конкурсты өткізу уақыты мен орны:

    Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 үй, 612 кабинет (конференц-залы), 2023 жылғы 10 наурызында сағат 15:00 де өтеді.

    1. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталуы және аяқталуы:

    Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталуы: хабарландыру жарияланған күннен бастап. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы: 2023 жылғы 10 наурыз сағат 13:00 де.

    1. Байқаудың негізгі шарттары:

    Қауіпті қалдықтар Қағидаларда белгіленген шарттар мен тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалған бағалау құнынан төмен емес баға бойынша сатылады.

Объявление
Дата публикации
10 февраля 2023