БОС ОРЫН: «ИДЖЖ-2 («Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» жобасы, 2-фаза» жобасын басқару тобының (ЖБТ) техникалық консультанты»

Жұмыс беруші: «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті» РММ

Біліктілік:

  • Лингвистика, бизнес, құқықтану немесе осыған ұқсас саладағы жоғары білім
  • Дүниежүзілік банк немесе басқа халықаралық қаржы институттары қаржыландыратын халықаралық жобаларда жұмыс істеу тәжірибесі мен тәжірибесі артықшылық болып табылады;
  • Практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл;

Тілдер:

  • Консультант казақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білу тиіс.

Толық жұмыс күні

Осы позицияның міндеттері:

Бұл позицияның негізгі міндеті қарыз туралы келісімнің талаптарына сәйкес ИДЖЖ-2 іске асыруда СРК ЖБТ-на көмек көрсету болып табылады.

Міндеттері:

 

Техникалық кеңесші практикалық көмекпен шектелмей, компонент бойынша келесі негізгі міндеттер үшін жауап береді:

  • Өзінің функционалдық міндеттерін сапалы орындау үшін жеке жауапкершілік.
  • Консультант ҚР ЭТРМ ЖБТ және СРК үйлестірушісіне есеп береді.
  • СРК архивіне құжаттарды тапсыру актісіне қол қоюға СРК бұйрығын дайындау және қол қою;
  • ҚР нормативтеріне сәйкес компания бұрын тігілген СРК архивіне құжаттарды тапсыру бойынша актіні дайындау және қол қою;
  • Жоба бойынша қажетті құжаттарды мемлекеттік тілге және кері аудару;
  • Қажет болған жағдайда жоба бойынша құжаттарды ағылшын тілінен орыс, қазақ тілдеріне және кері аударуға жәрдемдесу;
  • Жоба бойынша келісуге және қол қоюға қажетті құжаттарды дайындау.
  • Қаржы жөніндегі маманға және ЖБТ бухгалтеріне объектілерді аяқтау бойынша "Қазсушар" ШЖҚ РМК балансына негізгі қаражатты беруге жәрдемдесу;
  • Жоба бойынша ай сайынғы есептерді және өз қызметі туралы есептерді дайындау.
  • Жобаны іске асыру барысында ЖБТ персоналының мүдделері қақтығысының туындамау кепілдіктерін қамтамасыз ету.
№1 объявление вакансия техн. консультант
Дата публикации
01 февраля 2023