«Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлайды

сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14185934 .  

Жоба  Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 152-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі Қазақстан Республикасында жұмыс істеп тұрған мониторингтің қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану, адамдардың өмірін және (немесе) денсаулығын табиғи және антропогендік ортаның зиянды факторларының әсерінен қорғау, сондай-ақ климат өзгеруінің әсер етуі мен климат өзгеруінің болжамды әсер етуі мәселелерін тікелей немесе жанама түрде қамтитын барлық жүйесін, кіші жүйесін және түрін біріктіретін, мемлекет қамтамасыз ететін көп мақсатты жүйені білдіреді

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкелмейді.

Осыған байланысты, Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады.

Пресс-релиз каз
Дата публикации
16 августа 2022