«Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Дүниежүзілік банктің қатысуымен «Нарықты енгізу бойынша серіктестік» (Partnership for Market Implementation) гранттық жобасын іске асыруды бастауды жоспарлап отыр.
Жобаның негізгі мақсаты – шығарындылар саудасының ұлттық жүйесінің жұмыс істеуін нығайту және Париж климаттық келісімі шеңберінде парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша елдің жаңартылған мақсаттарына қол жеткізу үшін көміртегі бағасын кеңейту мүмкіндігін зерделеу болып табылады. Жобаны іске асыру мерзімі 2023-2026 жж.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жобаның әлеуметтік-экологиялық стандарттарға және ұсынылған экологиялық және әлеуметтік міндеттемелер жоспарына, сондай-ақ Дүниежүзілік банк үшін қолайлы тәртіппен мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.».