Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экология, геология және табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі-Министрлік) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы
2 қарашадағы № 383 «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына және 2021 жылғы
26 ақпандағы № 69 Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру, мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беруі, мемлекеттік органдар басшыларының сөйлеген сөздерінің жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Жұмыс тобының сандық құрамы 9 адам, оның ішінде 3 – мемлекеттік органның өкілдері, 6 – коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының азаматтары.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде келесі құжаттарды қолма-қол ұсынады немесе электрондық мекенжайға жолдайды:

1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;

2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Сонымен бірге, Үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын, дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жұмыс тобының отырыстарына қатысады.

Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін мемлекеттік органға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді не электрондық поштаға жолдайды.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар кандидаттың ТАӘ, байланыс деректері, оның өмірбаяны жазылған және құжаттарымен қоса келесі мекенжайға ұсынылады (жолданады): 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, «Министрліктер Үйі» әкімшілік ғимараты, 15 кіреберіс, каб. 411. электрондық пошта мекенжайлары: aya.orynbaeva@ecogeo.gov.kz, a.abutalip@ecogeo.gov.kz.

Қосымша ақпарат пен анықтамаларды: 8(7172) 74-09-74, 75-09-84 телефондары арқылы алуға болады.

Объявление о пров конк в раб груп и наблюдатели МЭГПР каз
Дата публикации
11 июля 2022