БОС ОРЫН: «1-компонент бойынша консультантты алу жөніндегі конкурс» ИДЖЖ-2 («Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» жобасы, 2-фаза)
Жұмыс беруші: «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті» РММ
Біліктілік:
- экономика, қаржы, құрылыс, құқықтану және т.б. салаларында жоғары білім;
- құрылыста, жобалауда және ұқсас келісім шарттарда 5 жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжірибесі;
- Дүниежүзілік банк немесе басқа да халықаралық қаржы институттары қаржыландыратын халықаралық жобалардағы практикалық жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады;
Тілдер:
- Консультант қазақ және орыс тілдерін жетік меңгеруі тиіс. Ағылшын тілін білу құпталады.
Толық жұмыс күні
Осы позицияның міндеттері:
Осы позицияның негізгі міндеті жобаны тікелей жобалау аймағында (Нұр-Сұлтан қаласындағы ЖБТ) іске асыру кезінде 1- компонент бойынша консультациялық қызметтер көрсету болып табылады.
Міндеттері:
Техникалық кеңесші практикалық көмекпен шектелмей, 1-компонент бойынша келесі міндеттер үшін жауап береді:
-
- Жобаның кіші жобалық аймақтарында 1-компонентті сапалы іске асыру үшін жеке жауапкершілік.
- Мемлекеттік нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жобалау - сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) және халықаралық стандарттарға сәйкес конкурстық құжаттаманың уақтылы дайындалуын, сондай-ақ ЖСҚ-ның мемлекеттік Құрылыс және салалық сараптамалардан өтуін бақылау;
- Жобаның ирригациялық және дренаждық аспектілері үшін ЭГТРМ СРК үйлестірушісі және басшылығы алдында жеке жауапкершілік. Жобаланатын ирригациялық-дренаждық жүйелердің, оның ішінде бөгеттердің қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралардың сапалы мониторингін қамтамасыз ету.
- Жобалау-іздестіру жұмыстары үшін қажетті мүдделі ұйымдардан рұқсат беру және басқа да құжаттарды сұрату және алу.
- Жобалау-іздестіру жұмыстары кезінде Жоба объектілерін тексеруге, тексеру нәтижелері бойынша ақаулы актілерді дайындауға және растауға қатысу.
- Жобалық шешімдерді қарау, олар бойынша ескертулер, ұсыныстар беру және жоба құрылысы объектілерінің түпкілікті жұмыс жобаларын қабылдау.
- Жобалық шешімдерді барлық мүдделі тараптармен және барлық қатысушылармен, соның ішінде жұмыс істейтін ұйымдар мен фермерлермен келісу.
- Халықаралық Консультант дайындаған тендерлік құжаттар құрамындағы техникалық ерекшеліктер мен жұмыс көлемдерінің ведомостарын қарау және келісу. Олардың жобалық шешімдерге сәйкестігін тексеру.
- Жобаны іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдау үшін мүдделі жергілікті атқарушы органдармен, ведомстволармен және ұйымдармен тұрақты өзара іс-қимыл жасау;
- Халықаралық инженер-консультанттар Федерациясы (FIDIC) келісім-шарттарының талаптарына, ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік талаптарына, ЖСҚ-ға сәйкес жоба объектілерінің құрылысын бақылау;
- Жобаны уақтылы және сапалы жүзеге асыру мақсатында инженердің өкілімен және резиденттерімен үнемі өзара әрекеттесу.
- Инженердің жұмыс кестелері қызметімен бірлесіп Келісу. Жұмыс кестесінің сақталуын бақылау.
- Кіші жобалы аймақтардағы ЖБТ консультанттары арқылы Жоба объектілері құрылысының барысына күн сайынғы мониторинг, жобалық учаскелерге тұрақты бару. Инженер өкілдерімен және мердігерлермен техникалық кеңестерге қатысу.
- Инженер қызметі дайындаған жоба нысандарында орындалған жұмыс көлемінің сертификаттарын тексеру және растау.
- Келісім-шарт талаптарына сәйкес инженер қызметі дайындаған жобадан ауытқуларды келісу.
- Жобаның құрылыс объектілері бойынша жинақтау ведомостарын жүргізуді ұйымдастыру.
- Ай сайынғы есептер мен төлем сертификаттарын Нұр-Сұлтан ЖБТ-ға уақтылы жіберу
- Объектідегі атқарушылық құжаттаманың жүргізілуін және дайындалуын бақылау.
- Жобаны іске асыру барысында ЖБТ персоналының, консультанттың және мердігердің мүдделер қақтығысының туындамауын қамтамасыз ету.
- Нұр-Сұлтан ЖБТ үшін құрылыс барысы туралы апта сайынғы есептерді дайындау.
- Техникалық консультант ЖБТ-ның координаторына және ҚР ЭГТРМ СРК үйлестірушісіне есеп береді.
- Жоба үйлестірушісін уақтылы хабардар ету және жоба бойынша туындайтын барлық проблемаларды шешу бойынша шаралар қабылдау;
- Жоба бойынша тренингтерге қатысу.