«Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің және «Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 796 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ

 «Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің және «Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы  № 1222 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы  № 796 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін және тексеру парақтарының нысандарын қалыптастыру қағидаларына сәйкес

БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. Бекітілсін:

1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;

2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жер қойнауын геологиялық зерттеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексеру парағы;

3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жер қойнауы кеңістігін пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексеру парағы;

4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес геологиялық ақпаратты есепке алуды, сақтауды, сақталуын және анықтығын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексеру парағы.

  1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен::

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)  осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. «Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 796 бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 12699 болып тіркелген (бұдан әрі – бірлескен бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) бірлескен бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жер қойнауын пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы»

2) бірлескен бұйрықтан мынадай тармақшалар алып тасталсын:

- бірлескен бұйрықтың 1-тармағының 2) тармақшасы (осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жер қойнауын геологиялық зерттеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексеру парағы);

- бірлескен бұйрықтың 1-тармағының 5) тармақшасы (осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жер қойнауы кеңістігін пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексеру парағы);

- бірлескен бұйрықтың 1-тармағының 7) тармақшасы (осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес геологиялық ақпаратты есепке алуды, сақтауды, сақталуын және анықтығын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексеру парағы);

3) бүкіл мәтін бойынша «жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы» деген сөздер «жер қойнауын пайдалану саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.

4) бірлескен бұйрыққа 1-қосымшадан мынадай сөздер алып тасталсын::

- 1-тармақтағы «жер қойнауын зерттеу» деген сөздер;

- 2-тармақтың 1) тармақшасындағы «геологиялық ақпараттың сақталуы мен анықтығын»деген сөздер;

- 2-тармақтың 2) тармақшасындағы «геологиялық зерттеу», «жер қойнауы кеңістігін пайдалану», «геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, сақталуын және дұрыстығын қамтамасыз ету (жер қойнауын пайдаланушылар)» деген сөздер;

- 4-тармақтың 2) тармақшасындағы «геологиялық зерттеу, сондай-ақ жер қойнауы кеңістігін пайдалану, геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, сақталуын және анықтығын қамтамасыз ету бойынша» деген сөздер"

- 8-тармақ;

- Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне қосымшадағы «мерзімді геологиялық есептерді ұсынбау (әр жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей), бұрмалау» деген сөздер;

5) бірлескен бұйрыққа 2-қосымша алынып тасталсын (Жер қойнауын геологиялық зерттеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексеру парағы);

6) бірлескен бұйрыққа 5-қосымша алып тасталсын (Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы: жер қойнауы кеңістігін пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты тексеру парағы);

7) бірлескен бұйрыққа 7-қосымша алынып тасталсын (Геологиялық ақпаратты есепке алуды, сақтауды, «сақталуын» және анықтығын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексеру парағы).

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
приказ каз
Дата публикации
06 мая 2022