Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 370 бұйрығына 1-қосымшада:
1 қосымша жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның экологиялық бағалауына Экологиялық кодекстің 1-қосымшасының 1-бөліміне сәйкес қоршаған ортаға әсерді міндетті түрде бағалауға жататын көзделіп отырған қызмет объектілері, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген трансшекаралық мәнмәтінде көзделіп отырған қызметтің әсерінің скринингі жатады.
Қалған жағдайларда белгіленген қызмет объектілеріне экологиялық бағалауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.»
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.