«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы
18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының
19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:
1) осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
2) осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес құрамда Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
3) осы өкімге 3-қосымшаға сәйкес құрамда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы бұрынғы әскери объект – «Дарьял-У» радиолокациялық станциясы аумағының экологиялық жағдайын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
1) Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже;
2) Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже;
3) Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы бұрынғы әскери
объект – «Дарьял-У» радиолокациялық станциясы аумағының экологиялық жағдайын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр Б. Сағынтаев