Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Ішкі аудит департаменті 2022 жылдың 1 тоқсанында
1 мемлекеттік аудит объектісінде, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» РМҚК -да жоспардан тыс аудиторлық іс-шара жүргізіп, оның нәтижесінде жалпы сомасы 98,0 млн. теңгенің мемлекеттік сатып алу бұзушылықтарын анықтады.
Осымен қатар, Кәсіпорын 4,5 жылдан астам уақытта Андасай мемлекеттік табиғи қорығының шекарасын кеңейту бойынша қойылған мақсаттары орындалмағаны анықталды.
16 жыл бойы Кәсіпорын ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 15 наурыздағы №229 қаулысымен бекітілген республикалық маңызы бар Оңтүстік мемлекеттік қорық аймағының ауданы мен шекараларын анықтау бойынша қойылған мақсаттары орындалмағаны анықталды.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы және ұсынымдарды қарау туралы аудит объектісіне Шешім жолданды.