«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2021-2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығының II-бөлімінің 6-тармағына сәйкес әзірленді.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында (сілтеме: http://egov.kz. Ашық үкімет ® Ашық НҚА ® Орталық мемлекеттік органдар ® ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі) және Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында (сілтеме: http://ecogeo.gov.kz/ru/kategorii/proekty-npa-dlya-obsuzhdeniya) орналастырылған.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкелмейді.