«Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 796 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1) көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша жатқызу объективті өлшемшарттар мен субъективті өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады.
Уран және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуін мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жүзеге асырады.
Геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларға, сондай-ақ жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды және геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, сақтау және анықтығы жөніндегі мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жүзеге асырады.
Кен іздеушілік, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды мемлекеттік бақылауды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
Бақылау субъектілерінің объективті өлшемшарттары бойынша мынадай тәуекел дәрежелеріне бөлінеді:
1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне мынадай:
уран өндіру жөніндегі, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша операцияларды қоспағанда, кен іздеушілік, қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге арналған лицензиялар бойыншақызметті жүзеге асыратын;
уранды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге арналған келісімшарттар бойынша, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге арналған келісімшарттар бойынша, жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған келісімшарт (шарт) бойынша;
2) тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне:
жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия бойынша, жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар бойынша, геологиялық ақпаратты сақтауды есепке алу, сақталуын және дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады.»;
көрсетілген Өлшемшарттарға қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2)көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген қатты пайдалы қазбаларды барлауды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Лауазымы аты-жөні
Лауазымы аты-жөні
« КЕЛІСІЛДІ »
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы «__»_______№ ____ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы «__»_______№ ____ бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Жер қойнауын зерттеу және
пайдалану саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына қосымша
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (көрсетілген талап орындалмаған жағдайда ауырлық дәрежесі белгіленеді)
|
р/с |
Өлшемшарттар |
Бұзушылықдәрежесі |
|
1 |
2 |
3 |
|
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылаусубъектісіне (объектісіне) бармай жүргізілген профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар) |
||
|
1 |
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймау, сол сияқты бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын мерзімінде ұсынбау |
Өрескел |
|
1. Мемлекеттік органдар жүргізетін бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері |
||
|
2 |
Кезеңдік геологиялық есептерді ұсынбауы (әр жылдың 30 сәуірінен кеш емес), бұрмалауы |
Өрескел |
|
3 |
Өндірілген құнды металдар және асылтастар туралы есептерді ұсынбауы |
Елеулі |
|
4 |
Уранды қоспағанда, кең таралған және қатты пайдалы қазбалар туралы есептерді ұсынбау |
Өрескел |
|
5 |
Жобалық құжаттарда көзделмеген жұмыстарды жүргізу. |
Өрескел |
|
6 |
Жер қойнауы учаскесінен тыс жерлерде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу |
Өрескел |
|
7 |
Геологиялық ақпаратты есепкеа лу, сақтау, оның сақталуы мен анықтығы жөніндегі талаптарының сақталуы |
Өрескел |
|
2. Алдыңғы тексерістердің және бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылаудың нәтижелері |
||
|
Уранды қоспағанда, кең таралған және қатты пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты |
||
|
8 |
Жер қойнауы учаскесі шегінде өндіруді жүргізу |
Өрескел |
|
9 |
Өндіру бойынша барлық жұмыстарды құжаттау. Құжаттамада жер қойнауы учаскесін дұрыс зерттеу және кейін игеру үшін қажетті жұмыстардың сипаты қамтылуы тиіс |
Өрескел |
|
10 |
Өндірілген пайдалы қазбаларды, өндіру кезінде түзілетін өндіріс қалдықтарын дұрыс есепке алуды қамтамасыз ету |
Өрескел |
|
11 |
Маркшейдерлік құжаттамалардың болуы |
Елеулі |
|
12 |
Тау-кен өндіру және тау-кен қайта өңдеу (байыту) өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін лицензия бойынша пайдаланудағы жер қойнауы учаскелері шегінде орналастыру |
Өрескел |
|
13 |
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуді көздейтін жобалау құжатның болуы. |
Өрескел |
|
14 |
Тау-кен жұмыстарының жоспарын келісімдеудің болуы |
Өрескел |
|
15 |
Жобалық құжаттарда көзделген жұмыс түрлерін, тәсілдерін және әдістерін қолдана отырып, өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу |
Өрескел |
|
16 |
Құзыретті органға (келісімшарттың бір тарабы және (немесе) жер қойнауын пайдалануға лицензия беруші мемлекеттік орган) белгіленген мерзімде жобалық құжаттарға өзгерістер енгізілгені туралы хабарлау |
Өрескел |
|
17 |
Өзгертілген тау-кен жұмыстарының жоспарын құзыретті органға ұсынғанға дейін ол бойынша жұмыстар жүргізуге тыйым салуды сақтау |
Өрескел |
|
Кен іздеушілікті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты |
||
|
18 |
Жер қойнауы учаскесі шегінде кен іздеушілікті жүргізу |
Өрескел |
|
19 |
Кен іздеушілік учаскесіне келетін су объектілерінде және су қоры жерлерінде экскаваторлар мен бульдозерлерді пайдалануға, химиялық реагенттерді және жарылғыш заттарды қолдануға, күрделі құрылысжайларды салуға және тұрғызуға, топырақ пен шығарылған тау-кендік массаны кен іздеушілік учаскесінен тыс жерге әкетуге тыйым салуды сақтау |
Өрескел |
|
20 |
Лицензия шарттарында көзделген механикаландыру құралдарын пайдалану бойынша шектеулерді сақтау |
Өрескел |
|
21 |
Өндірілген бағалы металдар мен асыл тастар туралы кезеңдік есепті кен іздеушілікке арналған лицензияны берген облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну |
Өрескел |
|
22 |
Механикаландыру құралдарын пайдалану кезінде кен іздеушілік жоспарының болуы |
Елеусіз |
|
3. Жеке немесезаңдытұлғалардан, мемлекеттікоргандарданкеліптүскенрасталғаншағымдар мен арыздардыңболуыжәне саны |
||
|
23 |
Белгіленген талаптарды бұза отырып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізетін бақылау субъектілеріне расталған бір немесе одан көп шағымдардың болуы |
Елеулі |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы «__»_______№ ____ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы «__»_______№ ____ бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 796 бірлескен бұйрығына өзгерістер
3-қосымша
Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы тексеру парағы
жер қойнауының қатты пайдалы қазбаларды барлауын жүзеге асыратын жер қойнауынпайдаланушыларға қатысты
__________________________________________________________________
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган___________________________
____________________________________________________________________
Тексеруді / бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалықбақылауды тағайындау туралы акт___________________
____________________________________________________________________ №, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _______________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендiру нөмiрі), бизнес-сәйкестендiру нөмiрi___________________________________________________________________________________________________________________
Орналасқанмекенжайы_____________________________________________
____________________________________________________________________
|
№ р/с |
Талаптартізбесі |
Талапетіледі |
Талапетілмейді |
Талаптарғасәйкескеледі |
Талаптарғасәйкескелмейді |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1 |
Жерқойнауы учаскесі шегінде қатты пайдалы қазбаларды барлауды жүргізу |
||||
|
2 |
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуді көздейтін жобалық құжаттың болуы |
||||
|
3 |
Қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі жұмыстарды құжаттау және жер қойнауын дұрыс зерттеу үшін қажет барлық мәліметтерді көрсету |
||||
|
4 |
Барлау учаскесінде құрылыс жайларды тұрғызуға, сондай-ақ тау-кен қайта өңдеу өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыруға тыйым салуды сақтау |
||||
|
5 |
Жобалық құжатта көзделген жұмыс түрлерін, тәсілдер мен әдістерді қолдана отырып қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу |
||||
|
6 |
Құзыретті органға жобалық құжатқа белгіленген мерзімде өзгерістер енгізу туралы хабарландыру (келісімшарттың біртарабы және (немесе) жер қойнауын пайдалануға лицензия беруші мемлекеттік орган) |
||||
|
7 |
Қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органға барлау жоспарының көшірмесін ұсынғаннан кейін ғана қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу |
||||
|
8 |
Қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органға ұсынылған барлау жоспарында көзделмеген барлау жұмыстарын жүргізуге тыйым салуды сақтау |
||||
|
9 |
Геологиялық барлау жұмыстарының кезеңділігін сақтай отырып, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу |
Лауазымды адам (дар) ___________________________ ___________________
Лауазымы қолы
_______________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Бақылау субъектісінің басшысы _______________________ _____________
Лауазымы қолы
________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі