«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережелерін бекіту туралы

«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы

 қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережелерін бекіту туралы

 

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы» мемлекеттік қызмет көрсету ережелері бекітілсін.
  2. «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 478 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16301 болып тіркелген, 2018 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
  • осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекетік тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі берілген тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

 

 «КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

 

 

Приложение рус
Дата публикации
16 марта 2020