Мемлекет: Қазақстан Республикасы
Жоба: Арал теңізінің солтүстік бөлігін өңірлік дамыту және қалпына келтіру жобасы
Грант нөмірі: TF0B2724
Тапсырма атауы: Әлеуметтік-экологиялық әсерді бағалауды дайындау
Шарт нөмірі: KZ-CWR-180042-CS-CQS
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті Дүниежүзілік банктен Арал теңізінің солтүстік бөлігін өңірлік дамыту және қалпына келтіру жобасы үшін ТЭН дайындауға, жобаны жобалау мен басқаруға арналған шығыстарды жабуға грант алды және қаражаттың бір бөлігін консультациялық қызметтерге пайдалануға жоспарлап отыр.
Жоба үш құрамдас бөліктен тұрады: (i) Арал теңізі мен Сырдарияның солтүстік бөлігі бассейніндегі су инфрақұрылымын және гидрологиялық режимді жетілдіру және қоршаған ортаны қалпына келтіру және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды жағдайлар жасау; (ii) бірқатар каталитикалық инвестициялардың көмегімен Қызылорда облысында тұрақты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қызметті қолдау; (iii) ақпараттық базаны жетілдіру және су ресурстарын кешенді басқару, өңірлік жоспарлау және жобаны басқару.
Консультациялық қызметтер («Қызметтер») мыналарды қамтиды.
Тапсырма[1] мынадай құжаттарды дайындауды көздейді: 1) Әлеуметтік-экологиялық әсерді бағалау (ӘЭӘБ) және Қоршаған ортаны және әлеуметтік мәселелерді басқару жоспары (ҚОӘМБЖ); 2) Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспары; 3) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық бағалау. Осы құжаттарға қосымша жоба үшін мынадай әлеуметтік-экологиялық құралдар дайындалатын болады: Әлеуметтік-экологиялық басқару негіздері; Еңбек ресурстарын басқару рәсімі; Бүкіл жоба үшін қоныс аудару саясаты жөніндегі құжат; және банктің қосалқы іс-шаралары үшін ӘЭӘБ/ҚОӘМБЖ және Қоныс аудару жөніндегі іс-шаралар жоспары (ҚАІЖ).
Қызметтердің жалпы ұзақтығы – 12 ай.
[1] техникалық тапсырманың жобасы қоса беріледі