2020 жылға арналған "Мақсаттарға қол жеткізу" блогы бойынша мемлекеттік органдардың қызметін операциялық бағалау нәтижелері туралы Комиссияның қорытындысы

«Мақсаттарға қол жеткізу» блогы бойынша мемлекеттік органдардың 2020 жылғы қызметін операциялық бағалау нәтижелері туралы

КОМИССИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

 

Бұл блок бойынша бағалау екі компонент бойынша жүзеге асырылады:

Бағалау бағыттары

Уәкілетті мемлекеттік орган

1.     Орталық мемлекеттік органдардың (ОМО) стратегиялық жоспарларын және жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) аумақтарды дамыту бағдарламаларын бағалау

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

2.     Бюджеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру мен қаржылық тәртіп бойынша бағалау

Қаржы министрлігі

 

Ағымдағы жылы жаңа Мемлекеттік жоспарлау жүйесі әзірленді, оны іске асыру үшін 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары қабылданды, ОМО және ЖАО бөлінісінде елдің дамуының негізгі индикаторлары декомпозицияланған Стратегиялық көрсеткіштер картасы бекітілді.Аумақтық даму жоспары, ұлттық жобалар, салалық тұжырымдамалар, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың даму жоспарлары әзірленуде.Бұл ретте, ОМО мен ЖАО-ның дамыту жоспарларының айрықша ерекшелігі – индикаторларды жетекшілік ететін салалардың дамуын сипаттайтын макроиндикаторларға және бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысты және/немесе мемлекеттік органның қызметінен тәуелді нысаналы индикаторларға бөлу. Оған қоса, ОМО-ның даму жоспарлары деңгейінде шығыстардың тиімділігі жоғарылайды, өйткені енді бюджет шығыстарымен байланыс бұрынғыдай мақсаттар деңгейінде емес, нысаналы индикаторлар деңгейінде орнатылатын болады. ОМО бойынша жалпы бағалау нәтижелеріЖалпы, егер алдыңғы 3 жыл қатарынан мемлекеттік органдарды бағалаудың оң серпіні байқалатын болса, есепті жылы бағалау нәтижелері сәл нашарлады. Осылайша, блок бойынша ОМО-ның орташа бағасы 2019 жылғы 91,81 балдан 2020 жылы 90, 5 балға дейін төмендеді.Бағалау нәтижелері бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан ең тиімді деп СІМ танылды, бұл мақсаттарға қол жеткізудің жоғары деңгейімен (97,0%), бюджеттік қаражатты пайдалану тиімділігінің және бюджет пен стратегиялық жоспардың мақсаттарының өзара байланысының максималды (100%) деңгейімен түсіндіріледі.  

ОМО

2020 ж.

2019 ж.

2019-2020 жж. балдар серпіні

2020/2019 жж. рейтингтегі орындары

2019-2020 жж. орнының серпіні

СІМ

98,0

95,4

+2,6

        1 | 5

+4

ЭМ

96,8

97,4

-0,6

        2 | 1

-1

ЭГТРМ

96,5

93,6

+2,9

        3 |10

+7

МҚІА

95,5

96,4

-0,9

        4 | 2

-2

ҰБ

94,5

93,0

+1,5

        5 |11

+6

ЕХӘҚМ

93,9

89,3

+4,6

        6 |13

+7

ӘМ

93,6

96,0

-2,4

        7 | 3

-4

ЦДИАӨМ

92,0

90,1

+1,9

        8 |12

+4

ҰЭМ

91,5

94,0

-2,5

        9 | 8

-1

ҚМ

91,0

94,9

-3,9

       10| 7

-3

ИИДМ

90,6

95,8

-5,2

       11| 4

-7

ДСМ

90,1

80,9

+9,2

       12|17

+5

БҒМ

87,9

80,9

+7,0

       13|16

+3

СИМ

87,4

87,4

0

       14|14

0

МСМ

87,3

93,9

-6,6

       15| 9

-6

АШМ

82,6

86,5

-3,9

       16|15

-1

АҚДМ

81,2

95,4

-14,2

       17| 5

-12

ҚНРДА

78,5

-*

-*

       18|-*

-*

Орташа мәні

90,5

91,8

-1,3

 

 

*ҚНРДА алғаш рет 2020 жылдың қорытындысы бойынша бағалануы керек еді

 ҚНРДА-нің соңғы позициясы (78,5 балл) стратегиялық жоспар мақсаттарының бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысының төмен деңгейімен (57%), Азаматтық бюджет бойынша ақпарат орналастырудың бекітілген талаптарына сәйкестіктің төмен деңгейімен (50%) және «Қаржылық сауаттылық индексі» түпкілікті нәтиже көрсеткішінің асыра орындалуымен түсіндіріледі («001» бюджеттік бағдарлама шеңберінде).Сондай-ақ, ОМО арасында төмен бағалар АШМ мен АҚДМ-де байқалды. АШМ бойынша нәтиже бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігі мен стратегиялық жоспардың мақсаттарына қол жеткізудің төмен деңгейіне байланысты (сәйкесінше 87% және 87,4%). АҚДМ бойынша ең үлкен теріс серпіні байқалады (-14,2 балл), бұл көбіне стратегиялық жоспардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштері арасындағы өзара байланысының төмендеуіне байланысты (2019 жылғы 100%-дан 2020 жылы 85%-ға дейін) .Ең үлкен оң серпінді ДСМ (+9,3  балл) және БҒМ (+7 балл) көрсетті. БҒМ бойынша бағалау нәтижелерінің жақсаруы қол жеткізілген нысаналы индикаторлар үлесінің артуымен (2019 жылы 54,8%-дан 2020 жылы 72,2%-ға дейін), сондай-ақ, бюджеттік бағдарламалардың орындалуы тиімділігінің шамалы өсуіне байланысты (92,0%-дан 92,9%-ға дейін). Өз кезегінде, ДСМ бойынша нәтиже стратегиялық жоспар мақсаттарының бюджеттік бағдарламалар өзара байланыстыру деңгейінің жоғарылауымен  (2019 жылы 90%-дан 2020 жылы 99%-ға дейін) және бюджеттік бағдарламалардың орындалу тиімділігі көрсеткіштерімен байқалды (89,8%-дан 97,8%-ға дейін).Жалпы, 2020 жылы ОМО-ның стратегиялық жоспарларында 81 мақсат көзделген (2019 жылы – 71 мақсат), оның ішінде 55 мақсатқа толық қол жеткізілді (2019 жылғы 70,4%-ға қарсы 67,9%). Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін 337 нысаналы индикаторлар анықталды, оның 256-сы толық қол жеткізілді (немесе 76%, 2019 жылы – 74,8%), ішінара – 41 (немесе 12,2%, 2019 жылы – 12%), қол жеткізілмегені – 3 (немесе 0,9%, 2019 жылы – 0,6%), есепке алынбағаны – 37 (немесе 11%, 2019 жылы – 12,6%).Айта кету керек, кейбір көрсеткіштер бойынша нақты мәндердің нашарлауы бір жағынан коронавирустық инфекция пандемиясының теріс әсеріне байланысты. Сондай-ақ, осы себепке байланысты ағымдағы бағалау циклінде бірқатар көрсеткіштер бойынша жоспарланған мәндерді төменге қарай түзету фактілері ескерілмеді.73 мақсатқа жету үшін 9,6 трлн. теңгеден астам шығыстармен 203 бюджеттік бағдарлама көзделген, ол қаражат 99,87%-ға игерілген.Анықтамалық: стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді бағалау кезінде есепке алынған 81 мақсаттың ішінен ҰБ-ның 5 мақсаты бюджеттік бағдарламалардың болмауы себебіне және ҚНРДА-нің 5 мақсаты бюджеттік бағдарламалардың іске көзделмегеніне байланысты алынып тасталды. Өз кезегінде, СІМ мен СИМ-нің әрқайсысының бір мақсаттары ескерілді, олар 2020 жылға НИ жоспарланған мәндерінің болмауына байланысты стратегиялық компонент бойынша бағалауға жатпаған (ал осы мақсаттарды жүзеге асыруға бюджет қаражаттары көзделген).2019 жылдың нәтижелерімен салыстырғанда бюджеттік бағдарламаларды орындау тиімділігі бойынша теріс үрдіс байқалды (2019 жылы 97,6%-дан 2020 жылы 96,7%-ға дейін).Жоспарланған нәтижелер 203 бюджеттік бағдарламаның 148-і немесе 72,9%-ы (2019 жылы – 78%) бойынша толығымен орындалды, ішінара (50%-дан 99,9%) – 52 бағдарлама бойынша немесе 25,6% (2019 жылы – 22,0%), ал ЦДИАӨМ-нің бір бюджеттік бағдарламасы бойынша нәтижеге қол жеткізудің ең төменгі деңгейі (15,2%) белгіленді. БҒМ мен ӘМ-де бір бағдарлама бойынша нәтижелерге қол жеткізілмеді, бұл жалпы мемлекеттік органдар бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігінің төмендеуіне әсер етті.Есепті кезеңде мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламалар нәтижелері көрсеткіштерінің жоспарланған мәндерінен 5%-дан асу фактілері өсті (48 тікелей және 38 түпкілікті нәтижелер, 2019 жылы – сәйкесінше 46 және 29). Мысалы, ЦДИАӨМ бойынша жоспарланған мәндердің максималды артық орындалуына (19 есе) жол берілді.Бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерінің мақсаттармен және нысаналы индикаторлармен өзара байланысының орташа мәнінің төмендеуі байқалды (2019 жылғы 98%-ға қарсы 95%).Ағымдағы бағалау циклінде Азаматтық бюджет туралы ақпаратты орналастыру бойынша бекітілген талаптарға сәйкестік деңгейі жақсарды (89,4%, 2019 жылы – 70,7%). Осылайша, талаптарды толықтай орындаған мемлекеттік органдардың саны 3-тен 9-ға дейін өсті.

Информация
Дата публикации
31 декабря 2021