БОС ОРЫН: «Жобаны басқару тобына (ЖБТ) техникалық консультантты алу жөніндегі конкурс» ИДЖЖ-2 («Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» жобасы, 2-фаза)
Жұмыс беруші: «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті» РММ
Біліктілік:
- Бизнес, құқық, қаржы, экономика, инженерия немесе баламалы дәреже саласындағы жоғары білім;
- Келісім-шарттарды орындау/іске асыру бойынша шетелдік және жергілікті компаниялармен 2 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі;
- Басқару секторында жақсы білім және практикалық тәжірибе;
- Дүниежүзілік банк немесе басқа да халықаралық қаржы институттары қаржыландыратын жобалардағы практикалық тәжірибе артықшылық болып табылады;
- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру.
Толық жұмыс күні
Осы позицияның міндеттері:
Осы позицияның негізгі міндеті жобаны іске асыру кезінде консультациялық қызметтер көрсету болып табылады.