Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:
«16-тармақта:
орталық аппараттың функцияларында:
276) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«276) су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 281-1) және 281-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«281-1) су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайлары қауіпсіздігінің өлшемшарттарын, су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайлары қауіпсіздігінің өлшемшарттарын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
281-2) гидротехникалық құрылысжайлар мен негізгі жабдықты көпфакторлы зерттеп-қарауды орындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 282-1) тармақшамен толықтырылсын:
«282-1) суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзуді жүзеге асырады;»;
ведомстволардың функцияларында:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган, Ұлттық палата және басқа да мүдделі тұлғалар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 80-бабының 2-тармағында көзделген әзірленетін құжаттардың жобаларына қатысты реттеушілік әсерді талдауды жүргізеді;
23) тармақша алып тасталсын;
32) тармақша орыс тіліндегі өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«42) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиялар берудi жүзеге асырады;»;
55), 56), 91) және 136) тармақшалар алып тасталсын;
143) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«143) орман тұқымдарын аудандастыруды әзірлейді және бекітеді;»;
200) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«200) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су Кодекспен белгiленген тәртiппен арнайы су пайдалануға рұқсат беру, оның қолданысын тоқтата тұру, оны ұзарту және қайта ресімдеу, сондай-ақ арнайы су пайдалану құқығын тоқтату;»;
208) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«208) су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келіседі;»;
216) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«216) су объектілерін өз бетімен пайдалануға, су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерінің аумақтарында өз бетімен құрылыс салуға жол берілмеуін бақылауды жүзеге асырады;
219-1) тармақша алып тасталсын;
220) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«220) бассейндер және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлігінде су пайдалану лимиттері бассейндік схемаларға сәйкес он жылдық кезеңге белгілейді;»;
225) тармақша алып тасталсын;
229) және 230) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«229) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы салдарынан туындаған зардаптарды жою жөніндегі жұмыстарға қатысады;
230) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар және бастапқы су пайдаланушылар бөлінісінде су пайдалану лимиттерін айқындайды;»;
250) және 251) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«250) меншік иелерінің су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимін, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
251) су қорғау аймақтарын, су объектiлерiнiң қорғау белдеулерiн, ауыз сумен жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау аймақтарын белгiлеу жөніндегі жобалау құжаттамасын келіседі;»;
252) тармақша алып тасталсын;
259) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«259) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жерүсті су объектілері үшін су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесі негізінде олардағы су сапасының стандарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
261-1) тармақша алып тасталсын.
|
Қазақстан Республикасының |
А. Мамин |